Новости >III форум молодых ученых «BURABAY FORUM: Международное сотрудничество Казахстана» посвящённый Году молодежи в Республике Казахстан

Новости

09.08.19

III форум молодых ученых «BURABAY FORUM: Международное сотрудничество Казахстана» посвящённый Году молодежи в Республике Казахстан

ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП ММ ғылым бөлімінің қызметкерлері а.ж. 7-9 тамыз аралығында Қазақстан Республикасындағы жастардың жылына арналған «BURABAY FORUM: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» атты жас ғалымдардың ІІІ Форумына қатысты. Дискуссиялық алаңдардың міндеті әр елдің ғалымдары арасында тәжірибе алмасу болды.

Форумға Қазақстан, Белоруссия, Қытай, Венгрия, Армения, Литва, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Франция жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.


Форум бағдарламасы бес секциядан тұрды:

1.     Жаңа функционалдық материалдар және ғылымды қажетсінетін технологиялар;

2.     Қазақстан Еуразияның әлеуметтік-саяси және тарихи-мәдени кеңістігінде;

3.     Маркетинг пен логистикадағы Digital-технологиялар;

4.     ХХІ ғасырдың агроөнеркәсіп кешені: ғылым және инновациялар;

5.     Жүйелі медицина – медицинаның, денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қамсыздандырудың мультидисциплинарлық дамуы.

МҰТП-тің жас зерттеушілері «XXI ғасырдың агроөнеркәсіп кешені: ғылым және инновациялар» бағыты бойынша қызығушылық танытты. Ал М. К. Құлшығашованың («Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, даму жобаларын басқару бөлімінің жетекші инспекторы, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» (Алматы)) – «Қазақстандағы және шетелдегі жеке орман өсіру (Литва мысалында)» және Ж. Ж. Бермұхаметовтың (техника ғылымдарының магистрі, «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша Ph.D докторант, ғылыми-инновациялық орталықтың ғылыми қызметкері, «А. Байтұрсынов атындағы  Қостанай мемлекеттік университеті»(Қостанай)) «Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларының саркоцистозының таралуы» баяндамалары қатысушылар арасында қызу пікірталастар тудырды, өйткені бұл тақырыптар табиғат қорғау мекемесі үшін ең жақын.

Жалпы, Форум қатысушылардың ой-өрісін кеңейтті және шетелдік әріптестермен жаңа байланыстар орнатуға ықпал етті.