Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

Қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау жөніндегі іс-шаралардың басталуы

26.11.2021

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ аумағында жыл сайын 01 желтоқсаннан бастап жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғауды күшейтуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

 

Заңсыз ағаш кесу дегеніміз - Қазақстан Республикасының орман қорында рұқсат құжаттарынсыз ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан бүлінген және қураған ағаштарды кесу.

 

Қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің алдын алу және анықтау мақсатында парктің мемлекеттік инспекторлары кешенді іс-шаралар әзірледі, оның ішінде: жергілікті тұрғындар мен біздің өңір қонақтары арасында тұрақты ақпараттық үгіт жүргізу, ақпараттық аншлагтар орнату, ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп, тәулік бойы жедел кезекшілік ету.

 

«Бурабай» МҰТП ММ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 381-1 бабына сәйкес, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау - жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады екенін ескертеді.

 

Залал 100 АЕК-тен асқан жағдайда іс материалдары құқық қорғау органдарына беріледі.

 

Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 31.05.2007 жылғы № 441 «ҚР орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы» қаулысының негізінде жаңа жыл алдындағы кезеңде (қараша-желтоқсан) қылқан жапырақты тұқымдардың 1 данасын бүлдіргені немесе жойғаны үшін 1 бірлік үшін 15 АЕК мөлшерінде залал көзделген.

Құрылған күні: 26.11.2021 12:56
Жаңартылған күні: 29.12.2021 14:05
Қаралым саны: 134
Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках"
Лесной кодекс Республики Казахстан
Закон об особо охраняемых природных территориях
Министерство образования и науки Республики Казахстан
КЛХЖМ МЭГПР РК
Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Управление Делами Президента РК