Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, тұщы судағы мұздың қалыңдығы кемінде 10 сантиметр болған жағдайда, адамдар үшін қауіпсіз болып саналады. Егерде ауа температурасы үш күннен артық 0 градусты тұрақтап тұрса, онда мұздың беріктігі 25% -ға төмендейді.
Мұз жамылғысының тез еруіне байланысты және ұлттық парктің көлдерінде жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, сондай-ақ «Бурабай» МҰТП директорының 2021 жылғы 25 наурыздағы №87-ө бұйрығына сәйкес, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2021 жылдың 1- сәуірінен бастап 1- мамырына дейінгі кезеңде спорттық-әуесқойлық балық аулаумен айналысуға рұқсаттарды (жолдамаларды) іске асыру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.