"Бурабай" МҰТП ММ директорының 2020 жылғы 28 қазандағы № 237-Ө бұйрығына сәйкес температураның төмендеуіне, ауа райының қолайсыздығына және мұздың пайда болуына (мұз құруына) байланысты "Бурабай" МҰТП су айдындарында спорттық-әуесқойлық балық аулаумен айналысуға рұқсатты іске асыру 2020 жылғы 04 қарашадан 2020 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Сіздерге «Рубль» дүкені Бурабай кенті Кенесары көшесі 27 мекен-жайы бойынша орналасқан «Бурабай-молл» сауда орталығына (Бурабай кентіндегі орталық базардың жанында)көшкенін хабарлаймыз .
Балық аулауға рұқсатты тыйым салу аяқталғаннан кейін келесі мекен-жайлар бойынша сатып алуға болады:
1) Бурабай кенті, Кенесары көшесі 27 мекенжайы бойынша орналасқан «Бурабай-молл» сауда орталығындағы «Рубль» дүкені,сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін;
2) Щучинск қ. Абылай-хан көшесі 154А, «Аншил» дүкені, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;
3) Көкшетау қаласы, Сүлейменов көшесі, 113,«Сафари» дүкені, сағат9:00-ден 18:00-ге дейін;
4) №4 БӨП, «Балдәуренге» шығу, сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.
Балық аулауға рұқсат етілген салмағы 5 кг дейінгі рұқсаттың бағасы бір балықшыға тәулігіне 290 теңгені және жеңілдіктерді пайдаланатын бір балықшыға тәулігіне 145 теңгені құрайды.
⠀
Спорттық-әуесқойлық балық аулаумен айналысуға рұқсат алған кезде балықшының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты және жеңілдіктерді пайдалану құқығын растайтын құжаты болуы тиіс.