Қазақстан Республикасы
Президенті Іс Басқармасының
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық
табиғи паркі директорының
2022 жылғы «27» сәуірдегі
№ 102-п бұйрығымен
бекітілді
Уақытша объектілерді (нысандарды) орналастыру үшін, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің учаскелерін (телімдерін) қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған байқау құжаттамасы
1 тарау. Кіріспе
Байқаудың әлеуетті қатысушылары үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында уақытша объектілерді (нысандарды) орналастыруға ұлттық парктің учаскесін (телімін) қысқа мерзімді пайдалануға беру байқауына қатысуға ниет білдірген тұлғаларға байқау ұйымдастырушысы ұсынатын осы байқау құжаттамасы (бұдан әрі – байқау құжаттама) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес әзірленді.
1. Тендердің мәні
1. Осы байқау құжаттамасы байқаудың әлеуетті қатысушыларына олардың байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпаратты беру мақсатында әзірленді.
2. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-байқау ұйымдастырушысы) болып табылады.
3. Байқау «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында рекреациялық және туристік мақсаттағы уақытша объектілерді (насандарды) орналастыру үшін қысқа мерзімді пайдалануға учаске (телім) алуға арналған байқаудың әлеуетті қатысушыларын келесі лоттар бойынша анықтау үшін өткізіледі:
Бурабай орманшылығы
№ п.т. |
Орманшылық, орам, телім |
Жалпы ауданы, га/м2 |
Учаске (телім) мақсаты |
Лоттың № |
|
Бурабай орманшылығы, 6 ор. (16,18 телім) |
0,7 |
Демалыс аймағы, қайық станциясы, жағажай |
№ 4 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 12 ор. (2 телім) |
0,5 |
Жағажай аймағы |
№6 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 8 ор. (51,55 телім) |
150 |
Қайық станциясы |
№ 10 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 8 ор. (55 телім) |
150 |
Қайық станциясы |
№16 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 8 ор. (55 телім) |
150 |
Қайық станциясы |
№18 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 8 ор. (54,55 телім) |
200 |
Қайық станциясы |
№19 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 8 ор. (45 телім) |
150 |
Қайық станциясы |
№21 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 8 ор. (45 телім) |
200 |
Қайық станциясы |
№22 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 8 ор. (31,54 телім) |
0,5 |
Демалыс аймағы |
№24 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 6 ор. (15 телім) |
0,7 |
Жағажай аймағы |
№ 29 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 12 ор. (7 телім) |
0,5 |
Жағажай аймағы |
№31 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 14 ор. (1 телім) |
1 |
Жағажай аймағы |
№33 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 13 ор. (7 телім) |
2 |
Бивак аялдамалары |
№34 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 12 ор. (7 телім) |
0,5 |
Жағажай аймағы |
№36 лот |
|
Бурабай орманшылығы, 6 ор. (15 телім) |
200 |
Қайық станциясы |
№2 лот |
Ақылбай орманшылығы
№
|
Орманшылық, орам, телім |
Жалпы ауданы, га/м2 |
Учаске (телім) мақсаты |
Лоттың № |
|
Ақылбай орманшылығы,, 35 ор. (23 телім) |
1 |
Жағажай аймағы |
№56 лот |
|
Ақылбай орманшылығы, 32 ор. (7, 24 телім) |
0,18 |
Демалыс аймағы |
№60 лот |
|
Ақылбай орманшылығы, 32 ор. (24 телім) |
0,5 |
Демалыс аймағы |
№63 лот |
|
Ақылбай орманшылығы, 75 ор. (11,12 телім) |
0,5 |
Демалыс аймағы, шатырлы лагерь |
№ 66 лот |
|
Ақылбай орманшылығы, 32 ор. (7, 24 телім) |
0,6 |
Демалыс аймағы, жағажай аймағы |
№ 58 лот |
Жалайыр орманшылығы
№
|
Орманшылық, орам, телім |
Жалпы ауданы, га/м2 |
Учаске (телім) мақсаты |
Лоттың № |
|
Жалайыр орманшылығы, 145 ор. (13 телім) |
0,65 |
Шатырлы лагерь (кемпинг) |
№ 87 лот |
Приозерный орманшылығы
№
|
Орманшылық, орам, телім |
Жалпы ауданы, га/м2 |
Учаске (телім) мақсаты |
Лоттың № |
|
Приозерный орманшылығы, 134 ор. (11 телім) |
0,5 |
Жағажай аймағы |
№ 76 лот |
|
Приозерный орманшылығы, 134 ор. ( 11 телім) |
0,5 |
Жағажай аймағы |
№ 77 лот |
2. Әлеуетті қатысушылардың құқықтылығы және біліктілігі
4. Рекреациялық және туристік негіздегі уақытша объектілерді (нысандарды) орналастыру үшін, ұлттық парктің учаскесін (телімін) қысқа мерзімді пайдалануға алу мақсатында байқауға қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары осы байқауға қатысуға жіберіледі.
5. Әлеуетті қатысушы байқауға қатысу үшін, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары мен байқау құжаттамасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін ұсынуы тиіс.
2 тарау. Байқау құжаттамасы
1.Байқау құжаттамасының мазмұны
6.Байқау ұйымдастырушысы ұсынатын байқау құжаттамасы мыналарды қамтиды:
1) бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған, конкурсқа шығарылатын лот (лоттар);
2) байқаудың өткізілу уақыты мен өткізілетін орны туралы ақпарат;
3) байқау өтінімдерін ұсыну тәсілі, орны және соңғы мерзімі, олардың қолданылу мерзімі;
4) пайдалану үшін учаскені (телімді) беру шарттары, оның нысаналы мақсаты;
5) ауданы көрсетілген және учаскенің (телімнің) сұлбасы қоса берілген жер учаскесін (телімін) таңдау актісі.
7. Байқауға әлеуетті қатысушы байқау құжаттамасында және оның қосымшаларында қамтылған барлық нысандарды, шарттарды зерделеуі тиіс;
8. Байқау құжаттамасын алу үшін, әлеуетті қатысушы лоттарды көрсете отырып ұлттық паркке, еркін нысанда өтініш береді. Өтініш хабарландыруда көрсетілген мекенжайға электрондық хат арқылы жіберілуі мүмкін.
9. Әлеуетті қатысушы өз қаражаты есебінен туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскемен (теліммен) танысуға құқылы.
10. Әлеуетті қатысушы өзінің байқауға қатысуына байланысты барлық шығындарды көтереді. Байқау ұйымдастырушысы байқаудың қорытындыларына қарамастан, осы шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
11. Байқау құжаттамасы тегін беріледі.
1.Байқау құжаттамасын түсіндіру
12. Әлеуетті қатысушылардың байқау құжаттамасының жобасын алдын ала талқылауы байқау құжаттамасын бекітудің міндетті шарты болып табылады.
Байқау құжаттамасының жобасы байқауды өткізу туралы хабарландыру орналастырылғанға дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын байқау ұйымдастырушысының ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Әлеуетті қатысушылардың байқау құжаттамасының жобасын алдын ала талқылау мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды.
Байқау құжаттамасы бойынша сұрақтар туындаған кезде, байқауға қатысушы байқау құжаттамасының жобасы орналастырылған күннен бастап, күнтізбелік бес күн ішінде байқау ұйымдастырушысына аталмыш құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен қатар берілген құжаттаманың жобасына ұсыныс енгізеді.
Ескертулер болған жағдайда, байқау ұйымдастырушысы байқау құжаттамасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) байқау құжаттамасының жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) байқау құжаттамасының жобасына ескертулерді қабылдамайды және олардың қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетеді;
3) байқау құжаттамасының ережелеріне түсініктеме береді.
Байқау құжаттамасының жобасына ескертулер болмаған жағдайда, оны бекіту туралы шешім қабылданады.
Көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап, байқау құжаттамасы бекітілді деп есептеледі.
Байқау ұйымдастырушы шешімдердің бірі қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында байқау құжаттамасының жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ, бекітілген байқау құжаттамасының мәтінін орналастырады.
Байқау құжаттамасының жобасын алдын ала талқылау хаттамасында байқау құжаттамасының жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылуы тиіс.
13. Ұлттық парк байқау өткізілгенге дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын алдағы байқау туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парктің, сондай-ақ, уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында орналастырады.
Байқау өткізу туралы хабарландыруда байқау ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері, байқауға шығарылатын қысқаша сипаттамасы бар лоттардың тізбесі, байқау құжаттамасын алу орны мен тәсілдері, байқау өтінімдерін ұсынудың орны мен түпкілікті мерзімі, байқау комиссиясы хатшысының байланыс деректері (оның ішінде) электрондық мекенжайы көрсетіледі.
3 тарау. Байқау өтінімінің мазмұны мен тілі
14. Байқауға қатысуға ниет білдірген әлеуетті қатысушы ұсынатын байқау өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
1) лоттарды көрсете отырып, байқауға қатысу үшін байқау өтінімін ұсынады;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін (насандарын), сондай-ақ, оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі іс-шараларды, санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің учаскесін (телімін) пайдалану және жайластыру жоспары;
4) қаржы қаражатының бар екендігі немесе қарыз қаражатына қол жеткізу не уақытша объектілерді (нысандарды) орналастыру үшін жеткілікті тиісті материалдық және еңбек ресурстарының бар екендігі туралы құжаттарды ұсынады;
5) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің (нысандарының), сондай-ақ, оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі.
15. Әлеуетті қатысушы дайындаған байқау құжаттамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалады және ұсынылады.
4 тарау. Байқауға қатысу үшін байқау өтінімдерін беру
1. Байқау өтінімдерін ресімдеуге қойылатын талаптар
16. Байқауға қатысу үшін байқау өтінімін әлеуетті қатысушы байқауды ұйымдастырушыға тіркеуге тігілген түрде, нөмірленген, тігілген беттерімен ұсынады және соңғы бетіне оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.
17. Байқау өтінімінде әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
18. Байқауға қатысу үшін байқау өтінімі өшірілмейтін сиямен жазылуы тиіс, сондай-ақ, оған әлеуетті қатысушы қол қоюы және мөрмен бекітілуі тиіс.
19. Байқау өтінімі тіркелген кезден бастап байқау өтінімін ұсынған тұлға байқау қатысушысы мәртебесіне ие болады.
20. Әлеуетті қатысушы байқауға қатысу үшін, байқау өтінімін хатқалтаға салып мөрлейді. Хатқалтада көрсетілуі тиіс:
2) байқауды ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы: индекс 021708, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47 Б, ҚР ПІБ «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ, туризм және рекреация бөлімінің кабинеті;
3) байқаудың толық атауы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің учаскелерін (телімдерін) уақытша объектілерді (нысандарын) орналастыру үшін қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған байқау құжаттамасы» және 2022 жылғы «07» маусымда сағат 10:00 «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» (байқауды өткізу туралы хабарландыруға сәйкес хатқалтаны ашу күні мен уақыты көрсетіледі).
2. Байқау өтінімдерін ұсыну тәсілі, орны және соңғы мерзімі
21.Әлеуетті қатысушылар байқау өтінімдерін байқауды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекенжай бойынша ұсынады: 021708 индексі, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47 Б, ҚР ПІБ «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ, туризм және рекреация бөлімі. Байқау өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы «03» маусым сағат 18:00-ге дейін.
22. Байқауды ұйымдастырушы (оның жауапты тұлғасы) байқау өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін, алған барлық байқау өтінімдері қабылданбайды, ашылмайды және оларды ұсынған әлеуетті қатысушыларға қайтарылады.
23. Байқау өтінімдері осы байқау құжаттамасының талаптарына сәйкес ұсынылуы тиіс.
3. Байқау өтінімдерін өзгерту және оларды кері қайтарып алу
24. Әлеуетті қатысушы байқау өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін, өзінің байқау өтінімін өзгерте әрі кері қайтара алады. Өзгеріс байқау өтінімінің өзі сияқты дайындалған, мөрленген және ұсынылған, сондай-ақ, «БАЙҚАУ ӨТІНІМІН ӨЗГЕРТУ» деген белгімен белгіленуі тиіс. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны байқауды ұйымдастырушы байқау өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
25. Байқау өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін байқау өтінімдеріне ешқандай өзгерістер енгізілмеуге тиіс.
5 тарау. Байқау өтінімдерін ашу және бағалау
1. Байқау комиссиясының байқау өтінімдері салынған хатқалталарды ашуы
26. Байқау өтінімдері салынған хатқалталарды ашуды байқау комиссиясының хатшысы 2022 жылғы «07» маусымда сағат 10:00-де жүзеге асырады. Мекен-жай: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47 Б, ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП ММ бір мезгілде қатысып отырған тұлғаларға байқауға қатысушылардың атауы мен орналасқан жерін, олар қатысуды жоспарлап отырған лоттардың атауын, байқауға ұсынылған құжаттардың тізбесін жариялай отырып, туризм және рекреация бөлімінің атауы көрсетіледі.
27. Байқау өтінімдері салынған хатқалталарды ашу нәтижелері бойынша, хатқалталар ашылатын күні комиссия хатшысы хатқалталарды ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды, оның куәландырылған көшірмелері байқау қатысушыларына ұсынылады.
2. Байқау өтінімдерін алдын ала зерделеу және қарау
28.Байқау комиссиясы байқауға қатысу өтінімдерін қарауды оның қатысушылары арасынан байқау жеңімпазын айқындау мақсатында жүзеге асырады.
29.Байқау комиссиясы байқау өтінімдерін қарастыру, бағалау және салыстыру кезінде қатысушылардан байқау өтінімдерін қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың байқау өтінімдеріне байланысты түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға құқылы. Байқау өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында байқау комиссиясы тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
Байқау құжаттамасының талаптарына сәйкес, байқауға қатысу өтінімдерін келтіруге байланысты комиссияның сұрау салулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді
30.Байқау комиссиясы өтінімді, егер онда ұсынылған байқау өтінімінің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, байқау құжаттамасының талаптарына сай келеді деп қарастырады.
6 тарау. Ұтқан байқау өтінімін анықтау және шарт жасасу
31.Байқау өтінімдерін бағалауды комиссия хатқалталар ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
32. Егер байқау қатысушысы мынадай талаптарды сақтаса, ол байқау жеңімпазы болып танылады:
1) лоттарды көрсете отырып, байқауға қатысуға өтінімінің сәйкестігі;
2) заңды тұлғалар үшін – жарғы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама көшірмесінің, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінің болуы;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін (нысандарын), сондай-ақ, оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі іс-шараларды, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің учаскесін (телімін) пайдалану және жайластыру жоспарының сәйкестігі болып табылады;
4) қаржы қаражатының бар екендігі немесе қарыз қаражатына қол жеткізу не уақытша объектілерді (нысандарды) орналастыру үшін жеткілікті тиісті материалдық және еңбек ресурстарының бар екендігі туралы құжаттарды ұсынады;
5) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің нысандарының), сондай-ақ, оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі.
33. Егер байқауға қатысушылардың байқау өтінімдерін комиссия байқау құжаттамасының шарттарына сәйкес келмейді деп таныса, байқау өткізілмеді деп есептеледі.
34.Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, байқау қатысушылары арасынан оның жеңімпазын таңдау комиссия отырысында жүргізіледі. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, сондай-ақ, егер оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның кез келген мүшесі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндайды және ұлттық парк учаскелерін (телімдерін) қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған байқау қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – байқау қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
35. Әрбір лот бойынша байқау қорытындыларының хаттамасына қатысып отырған комиссияның барлық мүшелерімен, хатшымен қол қойылады және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі;
2) өтініш берушінің атауы және оның заңды мекенжайы;
3) қысқа мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскесінің (телімінің) орналасқан жері мен ауданы;
4) байқау өтінімдерін бағалау;
5) комиссия шешімі.
36. Байқау қорытындылары хаттамасының негізінде ұлттық парк жеті жұмыс күні ішінде байқау жеңімпазына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес байқау нәтижелері және қысқа мерзімді пайдалану шартын (бұдан әрі – шарт) жасасу туралы хабарлама жібереді.
Шарт жасалғаннан кейін байқау жеңімпазы ұлттық парк учаскесін (телімін) пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) болып танылады.
37. Байқау жеңімпазының оған шарт жасасу үшін хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келмеуі ұлттық парк учаскесін (телімін) пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады.
38. Ұлттық парк байқаудың нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын байқау өткізу туралы хабарландыру сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет - ресурсында жариялайды.
39. Байқауға қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда байқау нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасауы мүмкін.
40. Учаскені (телімді) пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парк учаскесін (телімін) пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы бар.
Директор С. Быков