Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

Әуесқой балықшылар назарына!

02.12.2020

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша "Бурабай" МҰТП су айдындарында спорттық-әуесқойлық балық аулаумен айналысу үшін мұз жамылғысына стационарлық балықшы үйлерін орнатуға рұқсат етіледі.

Балықшы үйдің өлшемдері: ені-2 метр, биіктігі-2 метр, ұзындығы – 3 метрден аспауы керек.

Үйдің сырты сұр түсті қаңылтырмен қапталуы, ішкі жарығы –АКБ, газбен жылытылуы болуы тиіс, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін үйдің ішінде тұншықтырғыш газ сигнал бергіші және ауа сорғыштың болуы міндетті.

Үйлерді орнату тегін негізде жүзеге асырылады. Балықшы үйді орнатпас бұрын иесі Бурабай кенті Кенесары көшесі 47б мекен-жайындағы ұлттық парктің орталық кеңсесінде міндетті түрде тіркеуге міндетті.

Тіркеу үшін қажетті құжаттар: үйдің түрлі-түсті 2 фотосуреті, өтініш. Балықшы үйлерді тіркеу 2020 жылдың 03 желтоқсаннан бастап жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінде басталады. Үйлерді орнатуға 15 жылдың 2020 желтоқсанынан бастап рұқсат етіледі.

Үйді мұзға орнатқаннан кейін, балықшы өз үйін және 25 метр радиуста айналаны тәртіппен және таза ұстауға міндетті.

Сондай-ақ, балықшының өзімен бірге балық аулауға жолдамасы, тіркеу нөмірі берілген үй орнатуға рұқсаты және жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Құрылған күні: 02.12.2020 10:13
Жаңартылған күні: 02.12.2020 16:03
Қаралым саны: 296
Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках"
Лесной кодекс Республики Казахстан
Закон об особо охраняемых природных территориях
Министерство образования и науки Республики Казахстан
КЛХЖМ МЭГПР РК
Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Управление Делами Президента РК