2020 жылдың 19 қыркүйегінде «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің барлық аумағында «Бурабай» МҰТП ММ 260 қызметкерінің, Ақмола облысы бойынша аудандық экология департаментінің бас экологының, волонтерлердің, Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімінің, Бурабай ауданының ішкі саясат бөлімінің, Бурабай кенті әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің, «Авицена-Бурабай» ЖШС медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Тазалық күні» Экологиялық сенбілігі өткізілді.
Сенбілік қорытындысы бойынша 100 текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Экологиялық сенбіліктің негізгі мақсаты қоғамның назарын «Бурабай» курорттық аймағының аумағында тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару болып табылады.