Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

Асканиялық бұғы рутасы

26.10.2020

Ұлттық парктің едәуір аумағында асыл тұяқты жануарлар - Аскания бұғы мекендейді, олар ең талғампаз жануарлардың бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта бұғылардың күзде өтетін күйлеу маусымы басталды. Жұптасу маусымы еркектердің өкіруі айналасында 5-10 км қашықтықта естілетін кезде ашық суық күндерде әсіресе белсенді болады.  Соқтығысқан мүйіздердің соққысы жүздеген метр қашықтықта естіледі, ал шайқастан кейін шөптер мен бұталар едәуір аумақта таптап тасталған қалады. Кейде төбелес кезінде жануарлар қатты соқтығысып, мүйіздерін сындырады. Еркектің күшті немесе әлсіз екенің тек сыртқы түрімен ғана емес, сонымен бірге дауысымен де тануға болады. Күшті және тәжірибелі бұғының дауысы қарлыққан және төмен, ал жас бұғыда жіңішке және ашық дауысы болады.  

Ұрғашынын кесірінен мүйіздерімен ілінісіп қалған екі еркек таралып кете алмай екеуі де аштықтан ажалға ұшыраған өте сирек кездесетін жағдайлар да болады.

Сізден орманда болу ережелерін сақтауыңызды сұраймыз. Орманға алысқа бармаңыз, әсіресе саңырауқұлақтар мен жидектерді жинағанда.⠀

Сізден, орманда болу ережелерін сақтауыңызды сұраймыз. Орманға алысқа әсіресе саңырауқұлақтар мен жидектерді жинағанда бармаңыз.⠀

Жолдарда жылдамдықты төмендету және жануарлар пайда болуы мүмкін жерлерде ерекше қырағылық таныту қажет. Жабайы жануармен кездескенде, сигнал беру, фаралармен белгі беру, немесе орнында тұрып газға басуға болмайды. Осы барлық әрекеттер жануарды қорқытуы мүмкін және өзін-өзі қорғау үшін ол шабуыл жасай алады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Құрылған күні: 26.10.2020 11:45
Жаңартылған күні: 02.11.2020 15:50
Қаралым саны: 128
МВД РК Комитет по Чрезвычайным ситуациям
Управление Делами Президента РК
Казахстан 2050
Информационно-правовая система нормативных правовых актов РК
Казахстанская Национальная Электронная Библиотека
Верховный суд РК
Министерство Финансов РК