Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

Ағымдағы жылы «Бурабай» ұлттық паркінде Smart-жүйенің мүмкіндіктері қалай кеңейеді

16.03.2023

Президент істері басқармасы "Бурабай" МҰТП кураторы ретінде ұлттық парк басшылығының Smart National Park Burabay орман өрттерін ерте танудың автоматты жүйесінің табиғатты қорғау әлеуетін кеңейту туралы шешімін қолдады.

2020 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген сәттен бастап смарт-жүйе тәулік бойы 129,3 мың гектар алқаптағы ұлттық парктің қорық ормандарын өрттен қырағы қорғайды. Ағымдағы жылы қосымша камераларды орнату есебінен оның функционалы кеңейтілетін болады. Smart-жүйе Ұлттық паркке іргелес аумақтың 377 мың гектар аумағын да толық бақылауға алады.

Орман өрттерін тануға арналған тепловизорлары бар қосымша бейнекамералар үш "өлі" аймаққа орнатылады, олар бүгінде жұмыс істеп тұрған тіректерден көрінбейді.

Үшінші кезек аясында жоғары туристік маусымның басында Абылай хан алаңында, Бурабай көлінің түбінде және айналасында мониторинг датчиктері мен қоршаған ортаны талдағыштар орнатылады. Бұл су мен ауаның жай-күйі туралы кеңейтілген деректерді жинауға және адамның ұлттық парктің табиғатына әсер ету дәрежесі туралы ғылыми негізделген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа барғаны үшін ақы алатын бес бақылау-өткізу пунктінің жұмысын толық автоматтандыру жоспарлануда.

Техникалық жаңғырту МҰТП-ға өзінің табиғатты қорғау жұмысының нәтижелерін одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді деп үміттенемін.

Құрылған күні: 16.03.2023 12:48
Жаңартылған күні: 28.03.2023 16:16
Қаралым саны: 118
Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках"
Лесной кодекс Республики Казахстан
Закон об особо охраняемых природных территориях
Министерство образования и науки Республики Казахстан
КЛХЖМ МЭГПР РК
Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Управление Делами Президента РК