Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне "Бурабай" МҰТП қызметкерлерін марапаттау.
20.12.2020
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан "Ерен еңбегі үшін" медалімен абаттандыру шебері Мырзабай Сейпілұлы Аманбаев, сондай - ақ бас бухгалтердің орынбасары Жанар Қазиқызы Нұрымова Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Алғыс хатымен бухгалтер Қарлығаш Көкенқызы Шөкеева және Приозерный орманшылығының орманшысы Болат Қанафьянович Абдрахманов марапатталды.
Марапаттауды «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Васильевич Быков жүргізді.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және барлығына жаңа еңбек табыстарын тілейміз!