Жыл сайын «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында оқушылар үшін «Экология көшбасшысы» байқауы өткізіледі. Жарысқа мектеп орманшылықтарының балалар экологиялық бірлестіктері қатысады. Биылғы жылы экологиялық білім беру маманы Анеля Муканова, рекреация және туризм жөніндегі маман Айнур Мукушева, кіші ғылыми қызметкер Гүлмира Павлова, сондай-ақ Бурабай орманшылығының шебері Омар Смайлов Оқжепес орта мектебінің 15 адамнан тұратын 7-сынып оқушылары үшін конкурс өткізді.
Іс – шараның мақсаты-табиғатты қорғау және экологиялық-ағарту қызметіне іс жүзінде қатысуға тарту үшін білім беру ұйымдары оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
Жеке байқауда жас экологтар өз жасағының жұмысын, сондай-ақ қатысушының экологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қосқан жеке үлесін көрсетуі керек болды.
Командалық сайыс зияткерлік-шығармашылық тапсырмалардан тұрды: команданың визит карточкасы, «Білгірлер», «Қорғаушылар», «Ғалымдар», сондай-ақ олар саябақ аумағында өткізгілері келетін іс-шараның экологиялық жобасын құру қажет болды.
Командалық есепте жарыстың жеңімпаздары 1 орын алған «Жасыл таң» командасы, сондай-ақ 2 орын алған «Жасыл жапырақтар» командасы болды. Балаларға дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.