Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

Қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғау жөніндегі іс-шаралардың басталуы

04.12.2019

Құрметті азаматтар, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын күшейтілген қорғау жүргізілуде екенің хабарлаймыз.

Заңсыз ағаш кесу фактілерін болдырмау және анықтау мақсатында МҰТП мемлекеттік инспекторлары ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп, жергілікті тұрғындар мен біздің өңіріміздің қонақтары арасында тұрақты ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ ақпараттық аншлагтар орнатылады.

ҚР ҚК 340-бабына сәйкес ЕҚТА (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) аумағында заңсыз ағаш кескен үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделгенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 «ҚР орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларды бекіту туралы» Қаулысы негізінде қылқан жапырақты ағаштардың бір ағашын зақымдағаны немесе жойғаны үшін 15 АЕК көлемінде залал қарастырылған.

Құрметті тұрғындар, егер сіз заңсыз ағаш кесудің куәгері болсаңыз, сізден ормандар мен өсімдіктер әлемін қорғау, молықтыру және тиімді пайдалану бөліміне 8 (71636) 71-8-97 телефоны бойынша немесе жақын жердегі орманшылыққа немесе 112, 02 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Сізден ЕҚТА-ға бару ережелерін сақтауды және біздің орман аруларын кеспеуді сұраймыз. Сіздің үйіңізде жаңа жылдық аруы браконьерлік әрекеттердің және табиғатқа варварлық қатынастың нәтижесі болмайтынына сенгіміз келеді.

Жас ағаштардың өліміне әкелуі мүмкін ойланбаған іс-әрекеттерді жасамаңыздар.

Құрылған күні: 04.12.2019 14:06
Жаңартылған күні: 04.12.2019 14:06
Қаралым саны: 336
Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках"
Лесной кодекс Республики Казахстан
Закон об особо охраняемых природных территориях
Министерство образования и науки Республики Казахстан
КЛХЖМ МЭГПР РК
Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Управление Делами Президента РК