Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлері болашақ экскурсоводтарды даярлау курстарына қатысты, онда тыңдаушыларға ұлттық парктің маңыздылығы мен жұмыстың егжей-тегжейі туралы айтып берді, сондай-ақ оларды флора мен фауна бойынша соңғы жаңартылған деректермен таныстырды.
Аталған курстарды "Бурабай" туризм және демалыс индустриясы қауымдастығы ұйымдастырды. Сабақтар аптасына екі рет Бурабай ауданы Өкілдер Палатасының конференц-залында өтеді.
Сабақты осы салада 38-40 жылдан астам тәжірибесі бар Туризм ардагерлері: Н.И. Громова, Э.К. Есимова, О. Л. Кравченко, сондай-ақ "Бурабай" ТДИҚ Төрайымы Ахметова Сания Дүсенбайқызы өткізеді