Достар, ұлттық парктің аумағында өрт қауіптілігінің төтенше класы (5-клас) енгізілгеніне назарларыңызды аударамыз!
⠀
Орман алқаптарын қорғау және олардың қауіпсіздігі мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелері мен паркта жүру ережелерін сақтауды сұраймыз.
⠀
Өрттің себебі тасталған темекі тұқылы, табиғатта от жағу болуы мүмкін. Өз әрекеттеріңізбен Сіз өзіңізге, айналаңызға, жануарларға, орманға және бүкіл елді мекендерге қауіп төндіресіз!
⠀
Табиғатта болған кезде отпен өте сақ болыңыз!
⠀
Өрт немесе оның белгілері (түтін, түтіннің иісі) анықталған жағдайда 8 (71636) 73-6-65, 71-7-15 немесе "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.