Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

«Бурабай» ұлттық паркінде ағаш отырғызу

16.11.2021

Қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР Президентінің 01.09.2020 жылғы Жолдауына сәйкес 5 жыл ішінде (2021-2025 жылдар) еліміздің орман қорында 2 млрд. ағаш отырғызу жобасын іске асыруда.

 

Жолдауда 2 млрд. ағаш отырғызу жоспарлануда: Сексеуіл (шамамен 610 млн. дана), қарағай (555 млн.дана астам), үйеңкі (193 млн. дана астам), шегіршін (132 млн. дана астам), қайың (100 млн. дана астам) және басқа тұқымдар.

 

Ағаштардың басым бөлігін әкімдіктердің күшімен - 1 539,7 млн.дана отырғызу жоспарлануда, орман пайдаланушылар мен халықаралық донорлардың үлесіне тиісінше 208,5 млн. дана, ОШжЖДК ведомстволық бағынысты ұйымдарының үлесіне – 251,8 млн. дана ағаш келеді.

 

Жобаны іске асыру шеңберінде ҚР Экология министрлігі облыстардың әкімдіктерімен және табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп, 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарларын әзірледі.

 

Осыған ұқсас кешенді жоспар "Бурабай" МҰТП ММ-де әзірленді. Кешенді жоспарға сәйкес 2021 жылы "Бурабай" МҰТП аумағында 65 га алаңда 522,0 мың дана кәдімгі қарағай көшеттері отырғызылды.

 

"Бурабай" МҰТП аумағында ауданы 32 га тұрақты орман питомнигі бар, стандартты отырғызу материалын өсіру үшін осы питомникте 547,0 мың дана 1 жылдық қарағай көшеттері, 720,0 мың дана 2 жылдық қарағай көшеттері, 22,0 мың дана көлемінде 1 жылдық қайың көшеттері бар.

 

Ағымдағы жылы 0,6 га алқапта қарағай егілді және 0,25 га алқапта қайың егілді, 135 кг тұқым жұмсалды.

 

Кешенді жоспарға сәйкес жоспарланған бүрлерді жинау 2500 кг құрады, қазіргі уақытта бүрлерді жинау жүріп жатыр.

Құрылған күні: 16.11.2021 14:22
Жаңартылған күні: 03.12.2021 10:10
Қаралым саны: 51
МВД РК Комитет по Чрезвычайным ситуациям
Управление Делами Президента РК
Казахстан 2050
Информационно-правовая система нормативных правовых актов РК
Казахстанская Национальная Электронная Библиотека
Верховный суд РК
Министерство Финансов РК