Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі, 2021 жылға ақылы қызмет түрлері бойынша жер учаскелерін (орындарды) беруге өтініштер қабылдау туралы хабарлайды.
Өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 18 мамырынан 2021 жылдың 08 маусымына дейін.
2021 жылға жеке және заңды тұлғалар үшін ақылы қызмет түрлерін ұсыну бойынша өтініштерді қарау үшін құжаттар тізбесін және байланыс ақпаратын (электрондық мекенжайы, заңды және пошталық мекенжайы) ұсыну талап етіледі.:
1. Өтініш (еркін нысанда), учаскенің орналасқан жері (орам, телім, орманшылық, алаң), нысаналы мақсаты (сауданы орналастыруға арналған орын және т. б.), қызметті жүзеге асыру мерзімі (мысалы: 2021 жылғы 01 маусымнан 01 қыркүйекке дейін) көрсетілген;
2. Жеке және заңды тұлғаны тіркеу құжаттарының көшірмелері (хабарлама, тіркеу туралы куәлік, анықтама және т. б.), жеке куәліктің көшірмесі, заңды тұлғаларға арналған құрылтай құжаттарының көшірмелері (жарғы, бұйрықтар және т. б.), деректемелер;
3. Әр түрлі жоспарлардан және бұрыштардан орнатылатын объектілерді, учаскені абаттандыру жоспарын, өртке қарсы, санитарлық және басқа да іс-шараларды, экспликацияларды көрсете отырып, эскиздік жоба.
Тізбеге сәйкес құжаттарды электрондық поштаға parkburabay@parkburabay.kz, немесе "Бурабай" МҰТП орталық кеңсесіне (Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47 "Б") жіберіледі.
Өтініштерді қарау тәртібі "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР 12.01.2007 жылғы №221 Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады.