Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

2020 жылғы 15 шілдедегі Бурабай жағажайларына рейд

15.07.2020

Бүгін Бурабай МҰТП, облыстық туризм басқармасы, аудандық және кенттік әкімдіктер, полиция, ТЖМ, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, прокуратура қызметкерлерінен құралған төрт мобильді топ Бурабай кентінің қоғамдық жағажайларына рейд жүргізді.

 

Карантиндік шараларға сәйкес, азаматтардың қоғамдық жағажайларда болуына тыйым салынады, бұл шара covid19 жұқтырудың жаңа жағдайларын азайтуға бағытталған.

Қаулының талаптарын елемеген 8 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

 

Ұлттық парктің тұрғындары мен қонақтарынан Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтауды қадала сұраймыз.

 

Қоғамдық жерде бола отырып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, маска киіңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Құрылған күні: 15.07.2020 11:09
Жаңартылған күні: 15.07.2020 11:09
Қаралым саны: 91
МВД РК Комитет по Чрезвычайным ситуациям
Управление Делами Президента РК
Казахстан 2050
Информационно-правовая система нормативных правовых актов РК
Казахстанская Национальная Электронная Библиотека
Верховный суд РК
Министерство Финансов РК