НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі барлық балықшыларды және табиғатта белсенді демалуды ұнататындарды ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП ММ құрылуының 20 жылдығына арналған мұз астында балық аулау бойынша жарыстарға қатысуға шақырады.
Жарыс 2020 жылдың 14 наурызында өтеді.
Өтетін орны: Бурабай көлі, Көгілдір шығанақ ауданы.
Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00 басталады.
Жарысқа барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады, олар келесі номинацияларда анықталады:
- Ең үлкен аулау;
- Алғашқы ауланған балық;
- Ең үлкен балық;
- Ең тәжірибелі қатысушы:
- Ең жас қатысушы;
- Ұңғыманы жылдамдыққа бұрғылау.
Жарысқа қатысу үшін өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы қажет:
- Жеке куәлік;
- Балық аулауға рұқсат.
Балық аулауға рұқсатты келесі сату нүктелерінен сатып алуға болады:
- «Бурабай» МҰТП орталық кеңсесі;
- Щучинск қаласы, «Аңшыл» аңшылық дүкені;
- Көкшетау қаласы, «Сафари» дүкені;
- Фестивальді өткізу орнында.
Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушылар мен қонақтарға дәстүрлі балық сорпасы мен самауырдан шайы ұсынылады.
Жарыстың басты нәтижесі керемет демалыс және тамаша көңіл-күй болатынына сенім білдіреміз.