Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

Ұлттық парктің құрметті тұрғындар мен қонақтары

21.07.2020

"Ақмола облысының рекреациялық және курорттық аймақтары аумағында карантиндік іс-шараларды күшейту туралы" Ақмола облысы Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 88 қаулысына сәйкес, "Бурабай" МҰТП аумағында демалушылардың жаппай жиналуына және санитарлық-карантиндік шектеулердің сақталмауына байланысты:

 

  1. Ақмола облысының ашық су қоймалары (жағалау аймақтары, жеке және қоғамдық жағажайлар) және курорттық аймақтары аумағына/нан 24 шілде сағат 00.00-ден 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00.00-ге дейін кіруге және шығуға тыйым салынады;
  2. қоғамдық және жеке жағажайлардың, оның ішінде туристік объектілер (қонақ үйлер, санаторийлер, пансионаттар, қонақ үйлер, демалыс үйлері және демалыс аймақтары) жанындағы және жалға алынған жағажайлардың қызметі тоқтатыла тұрады;
  3. су қорғау аймағы радиусындағы (500 метрден кем емес) жағалаудағы аймақтар аумағындағы сауда-ойын-сауық объектілерінің:
  • жүзу құралдарын жалға беру пункттері;
  • азық-түлік, балмұздақ, сусындар, гриль, донер, шаурма және басқа да фаст-фуд түрлері, кәдесыйлар және басқа да азық-түлік емес тауарлар сататын сауда пункттері;
  • қоғамдық тамақтандыру объектілерінің;
  • караоке және басқа да объектілерінің қызметі тоқтатыла тұрады;
  1. Жеке, 3 адамнан артық емес немесе бір отбасының мүшелерінен басқа, табиғатқа ұжымдық экскурсиялық, корпоративтік, топтық сапарларды ұйымдастыру тоқтатылады.

Қазіргі уақытта ұлттық парк қоғамдық жағажайларға баруға тыйым салу туралы аншлагтарды орнату, пайдаланушыларды жағалау аймақтарының аумағында қызметін тоқтата тұру туралы хабардар ету және туристік фирмаларды экскурсиялық қызметті тоқтата тұру туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізуде. (ҚР ӘҚБтК 425-б.).

 

Сондай-ақ, "Бурабай" МҰТП ашық су айдындарының аумағына/аумағынан кіруге және шығуға тыйым салынғандықтан, спорттық-әуесқойлық балық аулаумен айналысуға арналған рұқсаттарды сату 2020 жылғы 3 тамыз күні сағат 00.00-ге дейін тоқтатыла тұратынын хабарлаймыз.

 

Қаулы 2020 жылғы 22 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Құрылған күні: 21.07.2020 11:09
Жаңартылған күні: 21.07.2020 11:09
Қаралым саны: 110
МВД РК Комитет по Чрезвычайным ситуациям
Управление Делами Президента РК
Казахстан 2050
Информационно-правовая система нормативных правовых актов РК
Казахстанская Национальная Электронная Библиотека
Верховный суд РК
Министерство Финансов РК