2020 жылғы 8 желтоқсанда «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында қылқан жапырақты жас талдарды қорғау және Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде «Бурабай» МҰТП инспекторлары Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп браконьерлік фактісін анықтады.
Күдікті - Щучинск қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталып, өз кінәсін мойындады.
Оқиға орнында: бұлан (ұрғашы) тұтас еті, үш пышақ және тіркелмеген шағын калибрлі мылтықтың кескіні тәркіленді. ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі 1-тармағы «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Құрметті азаматтар!
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие екендігін, мұнда аң аулауға толық ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН және заң бойынша қудаланатының естеріңізге саламыз!
Қырағылықты сақтаныз!