Каз     Рус    

Өрт, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда
8(71636) 7-36-65
нөміріне қоңырау шалыңыз

Өрт қауіпі бар маусым аяқталды

06.11.2020

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ дирекциясы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2020 жылғы 03 қарашадағы № 27-5-6/212 бұйрығы негізінде ұлттық парктің мемлекеттік орман қоры аумағында 2020 жылғы 05 қарашадан бастап өрт қаупі бар маусым аяқталғанын хабарлайды.

Өрт қауіпі бар маусымы кезінде «Бурабай» МҰТП аумағында жалпы ауданы 84,438 га 22 өрт болды.

Барлық кезең бойы мемлекеттік инспекторлар өртке қарсы іс-шаралар бойынша жылдық жоспарды 100% орындады.

Тәулік бойы кезекшілік, жергілікті тұрғындар мен біздің аймақтың қонақтары арасында үгіт-насихат жүргізілді, ақпараттық аншлагтар орнатылды, ҚР ӘҚБТК-нің 367-бабы, 3-бөлігі «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзу» бойынша орман, балық және аңшылық шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Кінәлі тұлғаларға 100 АЕК көлемінде әкімшілік жаза қолданылды.

Табиғи ресурстарды қорғау барлық азаматтардың мақсаты екенін түсіну және есте сақтау қажет.

Құрылған күні: 06.11.2020 10:21
Жаңартылған күні: 06.11.2020 10:32
Қаралым саны: 102
МВД РК Комитет по Чрезвычайным ситуациям
Управление Делами Президента РК
Казахстан 2050
Информационно-правовая система нормативных правовых актов РК
Казахстанская Национальная Электронная Библиотека
Верховный суд РК
Министерство Финансов РК