Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Қызметі

 

ҚР ПІБ" Бурбай " МҰТП ММ  директоры– Ғазиз Әліби Ғазизұлы


Директордың ғылым және туризм жөніндегі орынбасары– Быков Сергей Васильевич


Директордың орынбасары, Бас орманшының – м.а. Данияров Олжас Серікұлы

 


Орман мен өсімдіктер әлемін қорғау, жандандыру және тиімді пайдалану бөлімі.

ҚР- ның табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қадағалайды, орманшылықтарда орман шаруашылығын ,екпе ормандар, өрт сөндіру, орман қорғау және биотехникалық іс-шаралардың жүргізілуін бақылайды. Ұлттық парктің құрылымдық бөлімшелерін (орманшылықтарын) ұйымдастырады және оларға бақылау жасайды. Бөлімнің негізгі міндеттері: мекеменің инспекторлық құрамын аттестатциядан  өткізу және оны жүзеге асыру, инспекторлық құрамды нормаларға сәйкес: нысанды киім-кешекпен, таңбалармен, радиостанциялармен қамтамасыз ету.

Бөлім басшысы – Данияров Олжас Серікұлы

 


Ғылым, экологиялық мониторинг және ақпараттар бөлімі.

"Бурабай" МҰТП-інің  ғылыми жұмыстарымен ғылым, экологиялық мониторинг және ақпараттар бөлімі айналысады. Ұлттық парктің жылнамасын жүргізеді, экожүйелердің әртүрлілігін анықтайды, биоалуантүрлілікті зерттейді, (флора, фауна, сирек кездесетін және индикаторлық түрлердің популяциясын және т. б.) биологиялық әртүрліліктің мониторингін, бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру іс-шараларын әзірлейді , экологиялық зерттеулер жүргізеді, сирек кездесетін түрлердің мекендейтін жерлерін, сондай-ақ экологиялық жүйелердің әр түрлі компоненттерін қалпына келтіру іс-шаралары бойынша  (топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі) жұмыс жасайды. Бөлімнің экологиялық ағарту қызметі- бұл биологиялық сантүрлілікті сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және оны дамыту міндеттерін орындауға қажетті талаптар ретінде , халықтың табиғатты қорғауға қатысты ой – пікірлерін қолдау болып табылады. Туристерді орналастыру объектілерінің инфрақұрылымы, қысқа және ұзақ мерзімді жалға беру орындары, маршруттық парақтарды сату, балық аулауға арналған жолдамалар сату, экскурсовод қызметі, ат туризмі, шанамен сырғанау туристік қызметке жатады.

Бөлім басшысы – Жармұханбетова Ақмарал Өмірбекқызы

 


Жануарлар дүниесін қорғаужәне молайту бөлімі

Табиғат қорғау заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі мен су қоймаларын қорғайды, жануарлар дүниесін сақтау, молайту және пайдалану саласында  анықталған бұзушылық актілері және материалдарын жасайды,жануарлар ауруларының және жануар өлімінің алдын алу кезінде ветеринарлық шараларды ұйымдастыруды , биотехникалық іс-шараларды жүргізеді. Әуесқой аң аулау мен балық аулауды ұйымдастырады.

Бөлім басшысы – Бисембаев Мират Қанатұлы

 


Кадр жұмысы мен заң бөлімі

Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеу жұмыстарын жасайды. Мекемеде құқықтық жұмыспен  әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады, әртүрлі құқықтық құжаттарды әзірлеп құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсетеді, шарттық, қаржылық және еңбек тәртібінің әзірленуі мен ресімделуін жүзеге асыру бойынша іс-шараларды күшейтеді, мекеме мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кадр резервін құру үшін кадрларды есепке алады, іріктейді, кадрлық құжаттама жасайды. Сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді , тауарларды сатып алу бойынша ақпаратты сайтқа орналастырады, өндірістік қызмет үшін  қажетті барлық материалдық ресурстармен, ЖЖМ, қосалқы бөлшектермен, арнайы киіммен, құралдармен, шаруашылық мүлікпен ТМҚ жабдықтайды.

Бөлім басшысының м.а -  Мұханбетжанов Әсет Талғатұлы

 

 

Марал өсіру шаруашылығы

Марал шаруашылығы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қолдауымен 2008 жылы ашылды. Марал өсіру шаруашылығы базасында емдеу-сауықтыру кешені құрылды. Маралдарды ұстау және марал пантісін кесу экологиялық таза аумақта жүргізіледі. "Марал өсіру  шаруашылығында ағзаға ықпал ететін, иммунитетті күшейтіп, өмірлік тонусты жоғарылатуға арналған, құрамында панты өнімдері мен дәрілік өсімдіктер бар  емдеу - сауықтыру процедуралары ұсынылады.

Марал шаруашылығының басшысы – Серікбаев Жанат Серікбайұлы