Жаңалықтар >Дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күні

Жаңалықтар

11.01.19

Дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күні

Ұлттық парктердің басты ерекшеліктері  -  аумағының кеңдігі және  туристер мен демалушылардың парк аумағында  серуендеуіне рұқсат бар.


Бүгін, 11-ші қаңтар - әлемдегі  биоалуантүрлілікті сақтаудың орталығы болып саналатын  дүниежүзілік табиғат қорықтары мен ұлттық парктер күні.  Алғаш рет «Табиғи қорықтар мен ұлттық парктер күні» 1997 жылы жабайы жануарларды қорғау орталығы мен Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бастамасы бойынша атап өтілді. Осы күні, 102 жыл бұрын, Ресейде «Баргузинский» атты бірінші мемлекеттік қорығы  құрылды. Оның мақсаты Баргузин бұлғыны  мен Байкал көлінде  мекен ететін басқа да жануарларды сақтап қалу болды. Бүгінгі күні әлемдегі ұлттық парктердің жалпы саны 2000-ға жақындап келеді.


Табиғат адамзат пайда болмаған кезінде де өмір сүрді, бірақ одан әрі  табиғаттың жойылып кетуін болдырмау үшін қамқорлық қажет. Біз, «Бурабай » мемлекеттік ұлттық табиғи парк, баршаңызды  дүниежүзілік қорықтармпен ұлттық парктердің күнімен құттықтаймыз! Әлемдегі  мүлтіксіз, бүлінбеген  аймақтарды  аралап, өз көздеріңізбен бірнеше рет көріп өтуге тілектеспіз.