ЕҚТА-ға бару ережелері

ЕҚТА-ға бару ережелері

Жеке тұлғалар үшін (бұдан әрі - келушілер) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың (бұдан әрі - ЕҚТА) түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында болу кезінде мынадай іс-әрекеттер жасауға рұқсат етіледі:



1) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдармен және экскурсиялық маршруттардың арнайы жолдарымен, механикаландырылған көлiкпен және салт атпен жүру, қорықтық күзет режимi бар учаскелерден басқа, арнайы жабдықталған орындарда аялдау;


2) белгіленген туристік маршруттармен және соқпақтармен табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен алдын-ала келісілген, ЕҚТА экскурсия ұйымдастырушыларының немесе инспектор-гидтерінің бастап жүруімен ұйымдасқан экскурсиялар мен туристік жорықтар өткізу;


3) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша су айдындарында тек қана моторсыз жүзу құралдарымен жылжу;


 4) әуесқойлық (спорттық) балық аулау.


 Мемлекеттік табиғи қорықтарда әуесқойлық балық аулау Заңның 43-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады;


5) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде, осыған арнайы бөлінген орындарда жабайы жемістер, жидектер, саңырауқұлақтар, дәрі-дәрмектік өсімдіктер, шөп шабу, отын дайындау және дәстүрлі табиғат пайдаланудың басқа түрлері;


6) табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен келісім бойынша спорттық және экологиялық-ағарту іс-шараларын, туристік слеттер өткізу;


7) кәсіби және әуесқойлық фото-бейне түсірімдер жүргізу;


8) оқу практикаларын өткізу;


9) қорықтық күзет режимі бар учаскелерден басқа жерлерде оқу мақсаттары үшін гербарий жинау, топырақ үлгілерін іріктеу;


10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында көзделген өзге де қызметтер.




ЕҚТА-ның түріне және күзеттің белгіленген құқықтық режиміне байланысты табиғат қорғау мекемесінің аумағында тыйым салынады:



1) ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжаттарсыз ЕҚТА-да болуға;


 2) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристiк маршруттардан тыс жерлерге келiп кiруге және олар арқылы жүрiп өтуге;


  3) белгіленген орындардан тыс жерлерге автокөлік және басқа да механикалық құралдар қоюға;


  4) автокөлікті және басқа да механикалық құралдарды су айдындары жағалауына қоюға және жууға, ыдыс-аяқ жууға, кір жууға, үй жануарларын шомылдыруға;


  5) су айдындарында, ЕҚТА-ны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің болуына;


  6) арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға, мангал, ошақ орнатуға;


 7) осы мақсаттар үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде аялдау орындарын жабдықтауға, шатырлар тігуге;


 8) торлармен және басқа тыйым салынған құралдармен және жабдықтармен балық аулауға;


 9) тиісті рұқсатсыз жабайы жануарларды алып қоюға;


 10) жабайы жануарларды үркітуге және қоректендіруге;


 11) ұяларды, індерді, апандарды және құмырсқа илеулерін бүлдіруге;


 12) ағаштар мен бұталарды кесуге, сындыруға және оларға зақым келтіруге, тұрмыстық қажеттілік үшін сыпыртқылар мен сыпырғыштарға шыбықтар дайындауға;


 13) табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге;


 14) рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізат жинауға және қазып алуға;


 15) осы үшін арнайы бөлінген орындардан басқа жерлерде жабайы өсетін жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға;


 16) көрнекі үгіт құралдарын (стенділер, паннолар, аншлагтар және басқалар), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге;


 17) құрылыстарға, ағаштарға, тастарға және жартастарға жазулар жазуға және суреттер салуға;


 18) өз бетімен мал жаюға, шөп жинауға, сүрек дайындауға және басқа да заңсыз орман пайдалануға;


 19) топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға;


 20) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи кешендер объектілерінің табиғи дамуын және сақталуын бұзатын өзге қызметтерге жол берілмейді.