Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Ғылыми жарықтандыру және «Бурабай» МҰТП экологиялық ағартушылық қызметі.

28.04.2017

 

 

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметінің негізгі түрлерінің бірі ғылыми – зертеу қызметі болып табылады және ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы» Заңының 44 бабына сәйкес жүзеге асырылады.


Жалпы, ғылыми-зерттеу қызметі биологиялық әртүрлілікті сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу, Табиғат жылнамасы бойынша жекелеген табиғи объектілердің және экологиялық жүйелер мониторингін еңгізу; ғылыми мақсатта мемлекеттік ұлттық табиғи парк және оның күзет аумағын  пайдаланылуын реттеу болып табылады.  «Бурабай» МҰТП ғылыми – техникалық кеңес отырысы үнемі жүргізіледі, онда  ғылыми, туристік және ркреациялық мақсаттарда ұтымды пайдалану және зерттеу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланады. Барлық ұлттық парк аумағының биологиялық кешенді зерттеу қажеттілігін және ландшафтық әртүрлілігін ескеру есебімен осы кезеңде «Бурабай» МҰТП ғылыми жұмыстарының бірі төмендегідей болып табылады:


- Табиғат жылнамасын жүргізу;


- Парк аумағында экожүйелердің әртүрлілігін анықтау, парк аумағындағы репрезентативтік, экожүйелік эталонды учаскелерді бөлу;

 

- Ұлттық парк аумағындағы және шектес аумақтарда биоалуантүрліліктің (флора, өсмдіктер, фауна, жануарлар мекені, сирек және индекаторлық т.б түрлердің популяциясы) барлық толықтығын анықтау үшін экожүйенің негізгі компоненттерін зерттеу;


- Эталонды экожүйелер негізгі түрлерінің биологиялық әртүрліліктің тұрақты мониторингі және түрлі функционалды аймақтардың ерекшеліктер динамикасын анықтау мақсатында талдау, жағымсыз салдар және олардың алдын алу үшін уақытылы шаралар қабылдау.


Ғғылыми зерттеулерді жүргізудің ең маңызды тұрғысы қорық режимі аймағы және экологиялық тұрақтандыру аймағы болып табылады, өйткені олар генофонд және табиғи кешендерді сақтауда жоғарғы сипат алады.


«Бурабай» МҰТП экологиялық ағартушылық қызметі  «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңының  42 және 45 бабы талаптарына сәйкес жүргізіледі. Экологиялық ағартушылық аймағындағы жұмыс дәстүрлік сипатта. Бұл дәрістер оқу, экскурсиялар жүргізу, әр түрлі экологиялық сабақтар, бірқатар экологиялық акциялар ұйымдастыру,  бұқаралық ақпарат құралдармен жұмыс жасау, мектеп лагерьлері мен орманшылықтар ұйымдастыру.

 

«Бурабай» МҰТП экологиялық ағартушылық қызметін ұйымдастырумен ғылым, туризм және экологиялық мониторнг бөлімінің қызметкерлері айналысады. Сондай-ақ, экологиялық бағыттағы әр түрлі  іс-шараларға ұлтық парктің басқа да бөлімдерінің мамандары қатысады.

Архив новостей