Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Есепке алудың ұйқысыз күндері

25.05.2017

     

 «Бурабай» МҰТП-нің фотомұрағаты.Қарағай орманының ақ құсын есепке алу 2016 жыл.

 

"Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 24 наурыздан бастап 31 мамыр аралығында қарағай орманының ақ құсын есепке алу өткізіледі.

ҚР Ауыл Шаруашылығы Министірлігінің «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылдың 01 наурызындағы  № 25-03-01/82 бұйрығына сәйкес, қарағай орманының ақ құсын есепке алу жыл сайын өткізіледі. Есепке алуды өткізудің мақсаты ұлттық парк аумағындағы жабайы жануарлардың санын анықтау болып табылады.        

 

Есепке алуды жануарлар әлемін қорғау және жандандыру бөлімінің мамандарымен ғылым және орман бөлімі мамандары бірлесіп жүргізеді. Олардың міндетіне  қарағай орманын ақ құсын, оның ішінде: қара құр, құрлар, сұр шіл, сондай-ақ суыр, борсық,ондатр секілді сүтқоректілерді есепке алу кіреді.

 

                       «Бурабай» МҰТП-нің фотомұрағаты.


Санын есептеудің бірыңғай тәсілдеу мақсатында , есепке алу жұмыстары мынадай әдістеме бойынша жүргізіледі.

Мамандар тобы есепке алуды жүргізу аумағына құстардың таңғы ойнағына үлгеру үшін  таңғы сағат 3-те шығады. Сағат 4-ке қарай орман жандана бастайды. Бұл уақытта құстардың ән салуы мен қылқан жапырақты ағаштардың ұшар басынан шығатын ойнақ кезіндегі қара құрға тән дыбысты есуге болады.

Есепке алушылар топтарға бөлінеді және өзінің есепке алу секторын айқындап болған соң, орынға ілгері жылжи бастайды.Қара құрдың ән айтуы кезінде есепке алушылар ән шырқалып жатқанда абайлап ойнақ орнына жақындайды.Ән тоқтатылған кезде барлығы тына қалады.Есепке алушының  абайсыздағы қозғалысы кезінде, ойнақ 10-15 минутқа тоқтайды.Ең сақ қара құрлар ағаштан қаққылап өздерін мазалаған шуылдан  40-50 метр қашықтыққа ұшып кетеді. Есепке алу  таңғы 6-ға дейін жалғасады, содан кейін есепке алу тобы суырларды есепке алу үшін басқа орындарға көшіп  өз жұмыстарын жалғастырады.


«Бурабай» МҰТП-нің фотомұрағаты.Қарағай орманының ақ құсын есепке алу 2016 жыл.


Есепке алушылардың назарына көп қызықтар түседі, бұның бәрі ғылыми бөлімнің мамандармен жазылып, суретке түсіріледі және болашақта табиғат жылнамасын жасау кезінде пайдаланылады.

Қысқа уақыттағы демалыстан кейін  есепке алушылар өз жұмыстарын 20.00-ге дейін жалғастырады. Мүмкіндігіне қарай қасқыр апандары орналасуы ықтимал жерлерді тексереді.

Айта кету керек, өткен жылы есепке алуды   өткізу кезінде тасты тауда орналасқан қасқыр апанынан 9 қасқыр күшігі табылған.

2016 жылғы есепке алудың статистикалық  деректеріне сәйкес қарағай орманының ақ құсының популяциясы мынаны құрады:қара құр-490, құрлар-1067, сұр шіл-1045, сүтқоректілер, суырлар-6318, борсықтар-101 дара.

 

Бүгінгі күні 5 орманшылықта есепке алу өткізілді. Есепке алуды өткізгеннен кейін есепке алудың біріктірілген тізімдемесі жасалынады, онда  жаңартылған нәтижелері бейнеленеді.

 

Архив новостей