Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Парктер шеруі - 2017

31.05.2017

  

 

ҚР ПІБ "Бурабай"  МҰТП- нің ұйымдастыруымен 30 мамыр күні "Оқжетпес" мәдениет үйінде халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында  "Парктер шеруі - 2017" байқауының қорытынды гала-концерті өтті.


"Парктер шеруі - 2017" халықаралық табиғатты қорғау акциясының басты мақсаты -  жас өскелең ұрпақтың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, экологияға,  қоршаған ортаның ластануы сияқты мәселелерге назар аударуы болып табылады. 


"Бурабай" МҰТП-нің аумағында  осы акцияның өткізілу тарихы 15 жылдан астам уақытты қамтиды, жыл сайын акция ауқымды , жарқын және қызықты өтуде.


Акция  аясында 5 байқау  өткізілді: «Мектеп орманшылығы мен портфолияны таныстыру» , «Ең үздік туған өлке коллажы», « Парктер шеруі –Мистері және Миссі 2017» , «ЭКСПО-2017 эмблемасы» , «Ұлттық парк туралы үздік мақала».


"Парктер шеруі - 2017" халықаралық акциясында Бурабай, Еңбекшілдер және Бұланды аудандарындағы мектеп оқушылары, колледж  студенттері және мектептен тыс мекемелерде оқитын балалар белсене қатысты.


Концерт бағдарламасы қатысушылардың сөз сөйлеуі мен қорытындылау кезеңдерінен тұрды.


Концерт соңында өткен марапаттау рәсімінде "Бурабай" МҰТП директоры Әліби Ғазиз қатысушылар мен қонақтардың белсенділігін, жақсы дайындығын және байыпты қарым-қатынастарын ескере отырып барлық қатысушыларға алғысын білдірді. "Бурабай" МҰТП ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Канцев пен биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану Академиясының академигі Абильжан Хусаиновте  барлығын мерекемен құттықтады.


Сонымен қатар қазіргі заманғы ,креативті идеяларды тұрмыстағы қайталама шикізатта пайдалану арқылы қатысушылардың  өз қолымен жасалған заттары көрмеге қойылды.


Байқау  жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және дипломдармен марапатталды.


 

Бірегей табиғи байлықтарды сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін барлығыңызға алғысымыз шексіз.

Архив новостей