Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Таза көлдерге – таза жағалар!

09.06.2017

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі ММ Бармашин орманшылығының инспекторлары Щучинск қаласының «Орман шаруашылығы және экология колледжі» МҚКК студенттерімен бірлесе «Таза көлдерге – таза жағалар» іс-шарасын өткізді. 

 

Іс-шара шеңберінде Щучье көлінің жағасы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.


Іс-шараны өткізудің мақсаты – Щучье көлі жағалауының санитарлық және эстетикалық жағдайын сақтау, сонымен қатар өскелең ұрпақ арасында экологиялық ағарту, табиғатқа қамқорлық көрсету.


Іс-шараны өткізуге атсалысқан Щучинск қаласының «Орман шаруашылығы және экология колледжі» МҚКК студенттері мен басшылығына алғысымызды білдіреміз.


 


Бармашин орманшылығының орманшысы

Жолдасхан Казтаев

Архив новостей