Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : 2017 - жылғы Өрт қауіпі маусымы

13.06.2017

 

 

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!  ҚР ПІБ "Бурабай" МҰТП ММ Ақылбай  орман шаруашылығының  инспекторлық құрамы, көктем - жаз кезеңдерінің басталуымен қатар өрт қауіпі маусымының басталғанын хабарлайды. Көпшілік бақшаларын, аулаларын және үй жанындағы аумақтарын жинастыру жұмыстарын жүргізуде,табиғатта демалу , жидектер және саңырауқұлақтар  жинаумен  айналысады. Осыған орай , өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және өрт сияқты  қауіпті құбылысты болдырмауға шақырамыз.

Табиғатта адамдар өздерінің  немқұрайлықтары мен  зейінсіздіктерінің арқасында, арты  үлкен өртке айналатын  шағын тұтанулардың себепкері болып жатады. Орманда және көлдердің жағалауларында өздеріңізден кейін қоқыс , бос шөлмектер, сөнбеген сіріңкелер мен темекі тұқылдарын қалдырмаңыздар. Естеріңізде болсын! Ұлттық парк аумағында мангал орнатуға және от жағуға қатаң тыйым салынады! Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың белгіленген ережелерін бұзған  жағдайда  әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.  Орманды тазалықта сақтауға  жаза ынталандырмауы кажет , керісінше табиғат пен өмірдің мәнін түсіну керек. Егерде сіз өрт ошағын тапсаңыз және де қолда бар құралдардыңыз арқылы оны өздігіңізден жоя алатын болсаңыз , онда өрт алаңын құрғақ шөп пен  жапырақтардан тазартыңыз, өрт алаңын мүмкіндігінше тастармен көмкеріп , су құйып немесе топырақпен жабыңыз. Сонымен қатар  міндетті түрде мына телефон  нөмірлеріне хабарласуыңыз қажет: 5-80-31,73-6-65, немесе ТЖ 101.

Сондай- ақ есте  сақтаңыз , тіпті бір сөнбеген темекі немесе сіріңке ӨРТ есімді үлкен қайғының  басталуына  алып келуі мүмкін.  ҚР ПІБ" Бурабай"  МҰТПММ өз қызметінің шеңберінде  осы қауіпті құбылыстың алдын алу үшін  ауқымды жұмыстар жасауда , көп жағдайда азаматтардың сана-сезімдері мен табиғатқа деген ұқыптылығы біздің жұмысымыздың нәтижелі және пәрменді болуына ықпал етеді.

 


 

А Исжанова

Ақылбай орманшылығының орман шебері

ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП ММ

Архив новостей