Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : "Бурабай" МҰТП туристерді күтуде

21.06.2017

 

"Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде  "Астана ЕХРО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында туристік маршруттар ашылды.


2016 жылы ҚР мәдениет және спорт министрлігі, индустрия және туризм комитетімен қалалар, курорттық аймақтар мен тарихи орындар бойынша  73 туристік маршрут әзірлеп бекітті. Оның ішінде 14 бағыт Щучье - Бурабай курорттық аймағы бойынша өтеді.


 

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасында 137 туристік бағыттар бар, оның 29-ы "Бурабай" ұлттық табиғи паркінде орналасқан.


 

Туристер үшін 11 туристік бағыттарда абаттандыру жұмыстары жүргізілген: кіші сәулет нысандары орнатылды, дәретханалар, ұлттық парк ережелері мен 3 тілде туристік маршруттар туралы ақпарат беретін стендтер, ағаш үстелдер, сәкілер мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Сондай-ақ 3 бақылап өткізу пункттерінде аншлагтар,  ақпараттық кестелер мен стендтер  жаңартылды.

Архив новостей