Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : "Бурабай" Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы экологиялық ағарту және табиғатты қорғау қызметі.

29.06.2017

 

Ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары - бұл жер учаскелері, су объектілері және ерекше тәртіп  белгіленген мемлекеттік табиғи қорық қорының  табиғи кешендері мен  объектілері . Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу табиғи ортаға зиян келтіреді және  жауапкершілікке тартылады.


"Бурабай"МҰТП нің маңызды міндеттерінің бірі: табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тарту , табиғи ортаны қорғау ,қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық жүйелер болып табылады.


«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»  2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңы: ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.


ЕҚТА-да құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында  ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігіінің 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі № 555 бұйрығымен   "ҚР ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылдың  7 шілдесі заңына сәйкес  жеке тұлғалардың  ЕҚТА да болу ережесі бекітілген және  жалпы ережелердің 6 тармағында  келесілер рұқсат етілмейді:


1) ЕҚТА-ны пайдалану үшін ақы төлегенін растайтын құжаттарсыз ЕҚТА-да болуға;


2) ЕҚТА орман және дала жолдарымен, жалпы жұрт пайдаланатын жолдардан немесе арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристiк маршруттардан тыс жерлерге келiп кiруге және олар арқылы жүрiп өтуге;

 

3) белгіленген орындардан тыс жерлерге автокөлік және басқа да механикалық құралдар қоюға;


4) автокөлікті және басқа да механикалық құралдарды су айдындары жағалауына қоюға және жууға, ыдыс-аяқ жууға, кір жууға, үй жануарларын шомылдыруға;


5) су айдындарында, ЕҚТА-ны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция пайдаланатын моторлы жүзу құралдарынан басқа, моторлы яхталардың, катерлердің, моторлы қайықтардың, скутерлердің, квадроциклдердің болуына;


6) арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға, мангал, ошақ орнатуға;


7) осы мақсаттар үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде аялдау орындарын жабдықтауға, шатырлар тігуге;


8) торлармен және басқа тыйым салынған құралдармен  және жабдықтармен балық аулауға;


9) тиісті рұқсатсыз жабайы жануарларды алып қоюға;


10) жабайы жануарларды үркітуге және қоректендіруге;


11) ұяларды, індерді, апандарды және құмырсқа илеулерін бүлдіруге;


12) ағаштар мен бұталарды кесуге, сындыруға және оларға зақым келтіруге, тұрмыстық қажеттілік үшін сыпыртқылар мен сыпырғыштарға шыбықтар дайындауға;


13) табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге;


14) рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізат жинауға және оны қазып алуға;


15) осы үшін арнайы бөлінген орындардан басқа жерлерде жабайы өсетін жемістер, саңырауқұлақтар және жидектер жинауға;


16) көрнекі үгіт құралдарын (стенділер, паннолар, аншлагтар  және басқалар), орман орналастыру, орман шаруашылығы және жерге орналастыру белгілерін қиратуға және бүлдіруге;


17) құрылыстарға, ағаштарға, тастарға және жартастарға жазулар жазуға және суреттер салуға;


18) өз бетімен мал жаюға, шөп жинауға, сүрек дайындауға және басқа да заңсыз орман пайдалануға;

 

19) топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға;


20) «Жасанды жолмен жасалатын шудың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/899 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12387 болып тіркелген) шудың және өзге де жасанды акустикалық әсерлердiң нормаларына сәйкес қоршаған ортаға шу шығаратын және басқа да акустикалық әсерлердi қолдану;


21) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи кешендер объектілерінің табиғи дамуын және сақталуын бұзатын өзге қызметтерге жол берілмейді.


Жоғарыда аталған ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумағындағы қағидаларының сақталмауы табиғатты қорғау заңнамасының, қорғау, өсімін молайту және пайдалану, жануарлар дүниесін қорғау, орман заңнамасының бұзуылуына әкеп соғады.


Щучье - Бурабай курорттық аймағында  жыл сайын антропогендік әсер күшейіп келеді, бұл ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық ережелердің бұзылуына әкеледі.


Демалушылар мен жергілікті тұрғындар ұмытпауы тиіс,  өрт қауіпі кезеңінде мемлекеттік орман қоры аумағында жол берілмейді:


1. Жас қылқан жапырақты ағаштардан, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен ағаш дайындалған орындарда, кеуіп қалған шөпте, сондай-ақ ағаш түптерінде от жағуға;


2. Жанып тұрған сіреңке лақтыруға, темекі тұқылын тастауға және темекі шегетін түтіктерден ыстық күл сілкуге;


3. Аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдарды қолдануға;


4. Сіңдірілген жанар-жағармай қалдыруға;


5.Іштен жану қаупі бар қозғалтқыштар жұмыс істеп тұрған кезде бактарды толтыруға, машинаның қозғалтқыш жүйесінің ақауы бар кезде қолдануға, жанармай құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге  сондай-ақ ашық от пайдалануға;


6. Бұталар мен орман алаңшаларында, алаңқайларда , жайылымдарда және маңызды мемлекеттік орман қорының жерлерінде және оған  тікелей жапсарлас учаскелерде, шөптерді күйдіруге тыйым салынады;


Орманда от жағу және абайсыз шылым шегу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау өрттің пайда болуына әкелуі мүмкін, сол арқылы орман алаптарына үлкен залал келтіріледі.


Қала тұрғындары мен қонақтары ұмытпауы тиіс, әрбір азамат қоршаған ортаға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға , қоршаған ортаны қорғау туралы  заңнаманы сақтауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және  жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге міндетті.

 

 

ҚР ПІБ "Бурабай"  МҰТП  орман шебері

 

С. Мұқанов

Архив новостей