Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Орманды өрттен қорғайық!

01.08.2017

 

Жаз жайының жанға жайлы, жайма-шуақ күндері басталды. Таза ауамен тыныстап, жеміс-жидек теріп, орманда демалушыларға табиғат ана құшағын айқара ашты.

 Осыған орай орманда болған өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеміз. Күннің ыстығына қарай қоршаған ортада өрт қауіпсіздігі арта түседі. Кез келген шалыс қадам орыны толмас олқылыққа әкелуі мүмкін.


Сондықтан, орманда қоқыс тастамаңыздар, рұқсат етілмеген жерлерге от жақпаңыздар. Орманға жеміс-жидек теруге шыққан кезде де қауіпсіздік шараларын ескерген жөн. Темекі, қоқыс қалдықтары жа тілсіз жаудың орын алуына септігін тигізуі мүмкін. Қоршаған орта, табиғат – біздің бар байлығымыз, ұрпаққа қалдырар мұрамыз. Оны қорғау, келер ұрпаққа сақтау баршамыздың парызымыз.

 

 

И.Исламгареев

 

Бұланды орманшылығының орманшысы.

Архив новостей