Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : "Тазалық жинап-сыпырған жерде емес, ластамаған жерде"

09.08.2017

"Тазалық жинап-сыпырған жерде емес, ластамаған жерде".

 халық мақалы


 

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.  Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар.  Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар.  Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.


Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны.  Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды  көздің  қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.


Біздің ұлттық  парк  дирекциясы,  жыл сайын санитарлық жай-күйін жақсарту  мақсатында  қоқыс тастайтын  урналар,  металл және пластикалық контейнерлер орнатады ,  тұрмыстық қоқыс қалдықтары шығарылады,  күн сайын,  демалыссыз абаттандыру  бөлімі мен  мемлекеттік инспекторлар  құрамы  орман алқабында  санитарлық тазалау  жұмыстарын жүргізеді.


Дегенмен,  өлкеміздің  табиғатын  сақтауда   барлық күш-жігер мен шығындар  лайықты нәтиже бермей отыр,  себебі қоршаған орта тазалығы ережелерін сақтауда жергілікті тұрғындар мен қонақтардың  үлестері  байқалмайды.


Жоғары деңгейде өмір сүретін  шет мемлекеттерінің    орманы және қалаларының  тазалығы жайында,  біз үнемі айтамыз.   Бірақ  біз, шетелде тұратын  азаматтар басқаның еңбегін бағалай білетіні,  құрметтейтіні, жауаптылықпен қарайтыны жайында айта бермейміз,  және  шет  елдерде тасталған қоқыс үшін (50 – 750) евро айыппұл  төленуінің өзі де адамдарды тазалыққа ынталандырады.


Шын мәнінде  барлығы  өте қарапайым,    мүмкін,   басқаның да еңбегін құрметтеуге, отанды  және өз-өздеріңізді сүюге уақыт келді,  өйткені  ұлттық  парк  байлығы  - бұл біздің ортақ қазынамыз.


Құрметпен,  Қазақстан Республикасы Президені  Іс Басқармасының "Бурабай"  мемлекеттік ұлттық табиғи паркі,  инженер-экологы Абдрахманова    М.К.

Архив новостей