Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Көптен күткен жеңіс!

14.08.2017

 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жыл сайын, «Парктер шеруі» Республикалық табиғатты қорғау акциясы байқауын өткізеді, 2017 жылдың  қорытындысы бойынша жеңімпаз болып Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі танылды.


"Парктер шеруі" – бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (бұдан әрі-ЕҚТА) қолдау көрсету акциясы, оның негізгі мақсаты: ЕҚТА мәселелеріне қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару, оларға тәжірибелік көмек көрсету, біздің табиғи және мәдени мұрамыз үшін отандастарымыздың санасында мақтаныш сезімін ояту. Бұл акция елімізде 1996 жылдан бері дәстүрлі түрде қар жамылғасы кеткеннен кейін көктем айыларында өткізіледі.


ҚР АШМ орман және аң шаруашылығы комитетінің 2017 жылдың 10 тамызындағы  №17-1/217 бұйрығына және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, "Паркер  шеруі - 2017" табиғатты қорғау акциясын жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін марапатталады:


Бірінші орын - "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;


Екінші орын - "Іле-Алатау"  Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі


Үшінші орын - Марқакөл Мемлекеттік табиғи қорығы.


Байқауға Республикалық маңызы бар  27 ЕҚТА  қатысты олар : мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік орман табиғи резерваттары, мемлекеттік табиғи қорықтар.

 

Айта кету керек, « Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің»  2000 жылдан  бастау алатын қазіргі заман тарихында, бұл  Республикалық "Парктер шеруі" байқауындағы  алғашқы жеңісі.

Архив новостей