Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Экологиялық десант

31.08.2017

 

"Бурабай" МҰТП мен Астана қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  қызметкерлері ұлттық табиғи парк аумағын жинастырып, тазалау бойынша экологиялық акция өткізді.


 

Акцияға 80 оқушы,10 мұғалім, сондай-ақ Бурабай орман шаруашылығының 20 инспекторы қатысты.

 

 

Экологиялық акция нәтижелері бойынша 120 қап қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, күл-қоқыстан 100 гектарға жуық орман тазартылған. 4 және 8 орман  орамдарында  "Бұтақ тынысы" атты акцияс өткізіліп, ленталар мен баулардан 30-дан астам ағаш босатылды.


 

Айта кету керек, бұл экологиялық акция "Назарбаев Зияткерлік мектебімен", осымен бірнеше жыл өткізіліп келеді және келешекте дәстүрге айналады деп үміттенеміз. 

 

 

Өздерінің табиғатқа деген көмектерін сөзбен емес, іспен көрсеткен қатысушыларға  алғысымызды білдіреміз! 

Архив новостей