Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Мектеп орманшылықтарының слеты

16.10.2017

  

 

Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының» ұйымдастыруымен , 2017 жылдың 14-15 қазан айында  Экология және орман шаруашылығы колледжінде,  «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру щеңберінде Жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің «Қазақстан-менің елім» атты VIII облыстық форумы өтті.


Слетте 129 адам соның ішінде  Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Еңбекшілдер, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан жалпы 20 команда қатысты.


Жас қатысушылардың жеке және ұжымдық жұмыстары келесі номинациялар бойынша бағаланды:

1.     Командалық байқау «Сәлемдесу – команданың визит карточкасы» және «Ормандарды өрттен сақтайық» тақырыбындағы «Үгітбригада»;

2.     Командалық эстафета «Орман көпсайысы»;

3.     «Ботаника», «Дендрология», «Орман өсірушілік», «Экология» номинациялары бойынша ой-талқы.

4.     «Природа – бесценный дар, один на всех», «Необычный природный объект-памятник живой природы», «Вот моя деревня, вот мой дом родной» мини-очерктармен фото-байқауы;

5.     «Ландшафт дизайны» номинациясы бойынша «ЭКСПО-2017» арналған «Жасыл планета» шығармашылық жұмыстарының көрме-байқауы.

6.     «Жасыл экономика» («ЭКСПО-2017» шеңберінде), «Денсаулық және қоршаған орта», «Туған өлкені зерттеміз» номинациялар бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы.

7.     «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» атты экологиялық-өлкетанулық квест.

8.     «Қазақстан Республикасында тұратын халықтың салттары мен ырымдары» байқауы.

9.     «Халық ойындарын ұсыну мен сипаттау» байқауы.

10.    Мектеп орманшылықтар, экологиялық және өлкетану бірлестіктер қызметінің фото-шежіресі мен ақпараттық шығармашылық есеп.


Өткізілген слеттің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Атбасар ауданының №2 ОМ, екінші орынды Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы №2 ОМ мен Көкшетау қаласының №17 ОМГ, ал үшінші орынды Жақсы ауданының «Оқушылар үйі» мен Бурабай ауданыныңС.Сейфуллин атындағы ОМ алды.


Облыстық форумның барлық қатысушылары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары мен естелік сыйлықтарымен, ал команда жетекшілері мен қазылар алқасы алғыс хаттармен марапатталды.

 

 


Кіші ғылыми қызметкер

Балташева С.Ж.

Архив новостей