Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Халықаралық ынтымақтастық

25.10.2017

 

2017 жылдың 16 қыркүйегі мен 04 қазаны аралығында, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық мақсатында ҚР ПІБ "Бурабай" МҰТП ММ –не Германия елінің маманы Franz Christian Weisser (Франц Кристиан Вайсер) келді. ҚР ПІБ"Бурабай" МҰТП және (SES) «Senior Experten Service» (Германия) осы ынтымақтастықтың бастамашылары болды.

 


Кристиан Вайсер - орнитология, биология, экология,  табиғи кешендерді құру, менеджмент және қоршаған ортаны қорғау  салаларында 40 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Сонымен қатар оның табиғи кешенді қалпына келтіруге және экологиялық тұрақтандыруға  бағытталған бірнеше жобаларда тәжірибесі бар (Коста-Рика, Моңғолия).


 

 

Сарапшы 10 орманшылықта, орман питомнигінде, өрт қауіпсіздігі объектілерінде және марал өсіру шаруашылығында болды.


 

Маман ұлттық парктің құрылғылар жүйесімен,  бай биологиялық сан алуандылықпен және жұмысқа деген әр түрлі өнімді тәсілдері мен таңданды. Сонымен қатар сарапшы ұйымның ұйымшылдығын, қызметкерлердің орман қызметіне деген  әлеуеті мен ықыласын жоғары деңгейде бағалады.

 

 

 

 

Айта кететін болсақ, "Бурабай" МҰТП Қазақстанда «SES» сарапшылар қызметімен  бірінші болып ынтымақтастық құрған табиғи парк болып табылады. Тұрақты әріптестік 2015 жылдан бастап жүргізілуде, осы қысқа мерзім ішінде табиғи паркке әр түрлі біліктіліктегі  бірнеше мамандар келді.  

 

 

 


 

ҚР ПІБ"Бурабай" МҰТП

     Баспасөз қызметі

Архив новостей