Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Қылқан жапырақты көшеттерді қорғау бойынша іс-шаралардың басталуы

14.11.2017

 

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ММ-де  жыл сайын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қылқан жапырақты көшеттерді қорғауға  бағытталған іс-шаралар өткізіледі.


Қылқан жапырақты көшеттерді  заңсыз кесуді анықтау,  алдын алу мақсатында "Бурабай" МҰТП мемлекеттік инспекторларымен  кешенді іс-шаралар құрастырылды, оның ішінде: жергілікті тұрғындар мен біздің өңірдің қонақтары арасында тұрақты ақпараттық үгіт-насихат жүргізу,  ақпараттық аншлагтарды орнату, ішкі істер органдарының   өкілдерімен бірлесіп тәулік бойғы жедел кезекшілік  жүргізу.

 

"Бурабай" МҰТП ММ хабарлайды , ҚР ҚК-нің 340 бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақта  заңсыз ағаш  кескені үшін 500 АЕК дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу көзделеді және сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе 90 тәулікке дейінгі дейін қамауға алынады, сонымен қатар үш жылға дейінгі мерзімге   белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынады. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 31.05.2007 жылғы № 441негізінде, " Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы ", қылқан жапырақты  көшеттің 1 данасын зақымдау немесе жою 15 АЕК  мөлшерін де айыппұл қарастырылған.

 

 

 

Инженер эколог

М.Абдрахманова

Архив новостей