Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : «Бурабай» МҰТП ММ аумағында балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі анықталды

17.11.2017

               

 


"Бурабай" МҰТП ММ дирекциясы  2017 жылдың 14  қарашасында сағат 22:00-де «Бурабай»  МҰТП ММ  қызметкерлерінің  рейдтік шараларды жүргізу кезінде ерекше қорғалатын табиғат аумағына кіретін Акылбай орманшылығының  75 ормаында  заңсыз балық аулау  фактісі анықталды.  

 

Заңсыз балық аулау кезінде ұзындығы 50 метрлік Қытай елінде шығарылған ау қолданылған.Табиғат қорғау заңнамасын бұзушы  1991  жылы туылған Ақмола облысының тұрғыны болып табылады.

 

Оның заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде «Бурабай» МҰТП ММ 6807 теңге мөлшерінде шығын келтірілді.

 

Іс материалдары Бурабай аудандық  Ішкі істер бөліміне жіберілді, ҚР ҚК 3 тармағы 335 бабы бойынша  (балық ресурстарын заңсыз аулау) қылмыстық іс қозғалды, сол баб бойынша 200 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылады.

 

 

 

М.Абдрахманова

Инженер эколог 

Архив новостей