Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Әуесқой балықшылар назарына!

30.11.2017

 

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы"  және " жануарлар дүниесін қорғау өсімін молайту туралы" ҚР Заңдарының негізіне сәйкес,    "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі дирекциясы  климаттық жағдайларды  ескере отырып:  Щучье, Бурабай, Текеколь, кіші Шабақты, Үлкен Шабақты ұлттық парк  көлдерінің  мұз жамылғысына алмалы-салмалы балық аулайтын шатыр орнатуға рұқсат етілетінін хабарлайды.  ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің рұқсаты бойынша Щучье көлінде  стационарлық балық аулау күркесін  орнатуға рұқсат етілген.   

 

Күркелерді орнату тегін негізде жүргізіледі. Балық аулайтын шатыр орнатар алдында иеленуші  Бурабай кенті  Кенесары көшесі 47Б мекен- жайында орналасқан  ұлттық парк орталық кеңсесінде шатырды тіркеуге міндетті . Тіркеу үшін қажетті құжаттар: иеленушінің мекен-жай анықтамасы,жеке куәлігінің көшірмесі, шатырдың фото суреті, өтініш. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау ақылы негізде жүзеге асырылады. Балықшы алдымен балық аулау үшін  жолдама -сатып алу қажет. Бір жолдамада балық аулау 5 килограмнан аспауы тиіс. Жолдамаларды мына мекен-жайлар бойынша алуға болады:


• Щучинск қ. Абылай хан к-сі 54А, дүкен"Аңшыл",


• Ақылбай кордоны  БӨП №1 (Кіші Шабақты көлі маңы),


• Жеке-батыр шипажайы  БӨП № 3


• Балдәурен шипажайы  БӨП № 4


• Бурабай кенті,Кенесары көшесі 47 Б,Экологиялық мониторинг  және ақпарат, туризм, ғылым бөлімі. Тел: 8(71636) 7-17-67.


Балық аулау  бір балықшыға 5 ілгектен аспайтын спиннингтармен және қармақпен жүзеге асырылады.  Балық аулау кезінде балық аулаушы міндетті:


Балықшы шатырларын тіркеу 2017 жылдың 11 желтоқсанынан күн сайын 10:00-ден 12:00-дейін басталады. Шатырды орнату 2017 жылдың 15 желтоқсанын  басталады.  Су қоймасына тіркеусіз орнатылған барлық шатырлар , шатыр иесінің  жеке басы анықталғанға дейін алып тасталынады және ЕҚТА ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылады.


• Шатыр айналасын тазалықта және тәртіпте ұстау қажет. Өзімен бірге жеке куәлік (көшірмесі), балық аулау үшін жолдама, тұрмыстық таразылар болуы қажет.


• Тиісті рұқсаты жоқ балық аулау жағдайында,  оны тірі күйінде кері су қоймасына жіберу қажет.


Қысқы кезеңде балық аулау кезінде тыйым салынады:


• Экологиялық тұрақтандыру аймағының  қыстық шұңқырларында, балық аулау үшін рұқсат беру құжатының болмауы  (жолдама),тіркеусіз орнатылған  шатыр. Жолдамада көрсетілген көлемнен балық  санының артық болуы, басқа тұлғаға жолдаманы беру,  балық аулау кезінде учаскелері мен мерзімдерін сақтамау, заңсыз құралдар мен аулау тәсілдерін  пайдалану.


• Су айдынында  немесе мұз үстінде  қашықтығы 100 метрден кем емес автокөлік және өзге де механикалық жылжымалы құралдарды табу.


Әуесқойлық (спорттық) балық аулау және шатыр орнату , ЕҚТА заңына сәйкес  және "Бурабай"МҰТП  аумағын функционалдық аймақтарға бөлуге сәйкес биологиялық негіздеме негізінде арнайы бөлінген учаскелерде рұқсат етіледі.


Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған үшін  кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

 


 

 

ҚР ПІБ "Бурабай"

 

МҰТП әкімшілігі 

Архив новостей