Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Бурабай ауданының аумағында браконьерлік фактісі анықталды.

13.12.2017

 

 

«Бурабай»  мемлекеттіу ұлттық табиғи прарк  дирекциясы  2017 жылдың 12 желтоқсаны  сағат 13:30  Жалайыр орманшылығы аумағында броконьерлік фактісі анықталғаның хабарлайды. 


Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіретін Жалайыр орманшылығының инспекторларымен табиғатты қорғау заңнамасы бойынша күзету іс-шараларын өткізу кезінде № 41 орамы № 30 телімінде ілмектер орнату жолымен заңсыз аңшылық фактісі анықталды.


Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушы тұлға Ақмола облысының тұрғыны болып табылды.


Іс материалдары  Бурабай ауданы  АІІБ тапсырылды.  Келтірілген шығын  сомасы  34035 (отыз төрт  мың отыз бес теңге).

 


 

Инженер-эколог.

 

 М. Абдрахманова

Архив новостей