Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : ҚР Сыртқы Істер Министірлігінде ЩБКА-ның даму келешегі талқыланды

05.03.2018

 

 

Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету және оның келешегін талқылау бойынша   Сыртқы Істер Министірлігінде  шетел елшілері мен әр түрлі туристік ұйымдар өкілдерінің кездесуі өтті.

 

Брифингте шетелдік мамандар  мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың   тапсырмасы бойынша әзірленген  2023 жылға дейінгі  Қазақстан Республикасында туристік саланың  негізгі даму міндеттері және  мақсаттарымен танысты.

 

Атап айтқанда  шетелдік дипломаттарға Щучье - Бурабай курорттық аймағының даму болашағы және  мемлекет  ішіндегі жаңа туристік бағыттар мен Астанамыздың 20-жылдығын атап өту бойынша  іс-шаралар күнтізбесі  таныстырылды.

 

Брифинг қорытындысы бойынша сыртқы істер Министрлігі мен мәдениет және спорт Министрлігі " Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы " бірлесіп туризм мәселелері бойынша 2018 жылға іс-шаралар жоспарына қол қойды. Жоспар ынтымақтастық мәселелерінің кең спектрін көздейді: туризм саласындағы басым елдермен екіжақты ынтымақтастықты дамыту, халықаралық тәжірибені зерттеу, ақпарат алмасу, нарықты талдау,  серіктестермен келіссөздер жүргізу, туристік өнімдерді ұйымдастыру және жылжытуға жәрдемдесу, халықаралық іс-шараларға қатысу .

Архив новостей