Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Мұз асты балық аулау фестивалі

12.03.2018

 

"Бурабай"  ұлттық табиғи паркі барлық балықшылар мен табиғатта тынығуды ұнататын  жандарды  мұз асты балық аулау фестиваліне қатысуға шақырады.


Фестиваль 2018 жылдың 17 наурызында  өтеді. Өткізу орны: Бурабай"көлі " "Голубой залив" ауданы, Орманшы үйіне қарама-қарсы. Фестивальдің басталуы және қатысушыларды тіркеу сағат 11:30 басталады. Фестивальға барлық тілек білдірушілер қатыса алады.


Фестиваль бағдарламасында: мұз асты балық аулау жарысы, жеңімпаздарға бағалы жүлделерді тапсыру, келесі номинациялар бойынша анықталады:


1) Ең көп балық аулау;

2) Бірінші ауланған балық;

3) Ең үлкен ауланған балық;

4)Шұңқырды жылдамдыққа бұрғылау;

5) Ең жас қатысушы;

6) Зияткерлік викторинасы.


Жарысқа қатысу үшін өзімен бірге келесі құжаттар болу қажет:


- Жеке куәлігі;

- Балық аулауға жолдама.


Жолдамаларды келес пунктерден  сатып алуға болады:


- Щучинск қаласы, аңшылық дүкені "Аңшыл";

- «Бурабай» МҰТП-нің №1, №3, №4 бақылау-өткізу пункттері;

- «Бурабай» МҰТП орталық кеңсесі;

- Фестиваль өтетін  орында.


Соңында жарыс қатысушылары мен қонақтары үшін отта жасалған дәстүрлі балық сорпасы мен самауырдан шай ұсынылады.


Фестивалдің  басты нәтижесі тамаша демалыс пен жақсы көңіл-күй болатынына сенімдіміз.

Архив новостей