Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Мұз асты балық аулау фестивалінің нәтижесі

18.03.2018

 

«Бурабай» көлінде жыл сайын өткізілетін  мұз асты балық аулау  фестивалі өтті, оған 250 адам қатысты. 


Осы фестивальдің  дәстүрлі  ұйымдастырушысы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»  мемлекеттік мекемесі болды, бұл іс-шара  қысқы спорттық балық аулауды дамыту және оны көпшілікке тарату,  ихтиофауна мелиорациясы мен су қоймаларының аэрациясы мақсатында жүргізілді.


Фестивальге қатысу үшін  Ақмола облысының түкпір-түкпірінен әуесқой балық аулаушылар  жиналды, және олар құмарлықпен, құштарлықпен қуана қатысты.  Фестивальде жеңіс үшін жасына, дағдылары мен жұмыс тәжірибесіне қарамастан, әуесқойлық және спорттық балық аулауға  100 қатысушы сайысқа түсті. 


Жарыс  төрешілер комиссиясын таныстырудан және  қатысушыларды тіркеуден басталды. Құттықтау сөзімен комиссия төрағасы-«Бурабай» МҰТП  директоры- Әліби Ғазиз  сөз сөйледі және жарыстың ашылуын салтанатты түрде хабарлады.

 

 

Ізгі тілектен кейін, жанкүйерлердің қошеметімен  әуесқой балық аулаушылар  мұз алаңына шеберлігі мен бағын сынауға шықты.


Барлық қатысушыларға жарыс бағдарламасы бойынша 1 сағат уақыт берілді. Табан тірескен күрес нәтижесінде, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.


Алғашқы балық ұзақ күттірмеді, «Ең алғашқы ауланған балық» номинациясы бойынша сәттілік  – Набиулин Рамилге түсті.


Табан тірескен күресте белсенді қармақ қабу, «Ең көп балық аулау» жүлдесін  – Мелешенко Юрий алды.


«Ауланған  ең ірі балық» номинациясы бойынша –Тысщенко Леонтий жеңді.


«Мұзды жылдам бұрғылау» номинациясы бойынша күш салу сайысының  жеңімпазы  – Жовновский Вячеслав атанды.


Ал ең жас  қатысушы  2  жастағы   – Еремеев Станислав болды.

 

 

Жарыс, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріп, марапаттаумен аяқталды.  Жарысқа  ересектермен бірге қатысқан балалар үшін де, балық және балық аулау тақырыбында арнайы қызықты сайыстар мен танымдық викториналар жүргізілді, сонымен қатар оның нәтижелері бойынша 15 қатысушы естелік сыйлықтармен марапатталды.


Дәстүрлі балық аулау соңында су айдынында,  ошақта дайындалған балық сорпасы мен самауырында қайнатылған  шай керемет болды. Жарысқа келген қонақтар  дәмін татып, бір жасарып  қалды.


Сонымен қатар, туризм саласындағы серіктестікті және ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Өзбекстаннан Қазақстанға келген туроператорлар делегациясы фестивальге келді.


 

Мерекедегі ұмытылмас әсер, спортқа деген құмарлық, Бурабайдың сұлулығы, салауатты және жағымды демалыс– бұның барлығы қатысушылар үшін ең үздік марапат болды.

Архив новостей