Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : ТАСҚЫН СУДАН САҚТАНУ

28.03.2018

 

 

Көктемнің келуіне және орташа тәуліктік ауа температурасының жоғарлауына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың  алдын алу мақсатында «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі аумағында   су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіле бастады.


«Бурабай»  ұлттық табиғи паркінің  мемлекеттік инспекторлары Біржансал және Бурабай аудандарының ТЖБ қызметкерлерімен бірлесе отырып,  су басуы мүмкін аймаққа жататын өзендер, көпірлер,  тоғандар, тұндырғыштар, су өтетін  құбырлар және көлік коммуникацияларына, егжей-тегжейлі тексеріс жүргізіп жатыр.



Алдын алу шараларын жүзеге асыру және   құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын  жүзу құралдары мен басқа да іске жарамды материалдық-техникалық ресурстарды түгендеу және жөндеу жұмыстары  жүргізілді. Төтенше жағдай туындаған кезде  жедел әрекет ету үшін 50 адам және 13 бірлік арнайы техникадан тұратын жедел топ құрылды.


Ұлттық парктің механикаландыру  бөлімі автотехниканың үздіксіз жұмыс істеуі және су басуы мүмкін жерлерге құм жеткізуді  қамтамасыз етеді.


Жұмыс орындарындағы жарақаттың алдын алу үшін жұмыс орындарында ғимараттар мен  жайлардың  шатыры, қар мен мұздан тазартылып жатыр.



Жалайыр орманшылығының инспекторлары қатарымен  Қайрақты  су қоймасын тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды.


Күн сайын жергілікті тұрғындармен су айдындарында қар және мұздың  еруі кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы  профилактикалық сұхбаттар өткізіледі.


Су тасқынына байланысты  төтенше жағдай кезінде мына телефон нөміріне қоңырау шалу   қажет: 8 (71636) 4-55-01

 

 

 

М.Абдрахманова

Инженер- эколог

 

Архив новостей