Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : ӨРТКЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ – 2018

05.04.2018

 

 

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі №20 өрт бөлімшесімен бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізді.



 
Оқу-жаттығу барысында «Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және шартты өртті сөндіру» тақырыбына өртті-техникалық оқу-сабақтары жүргізілді.  


 
Оқу-жаттығу жоспары бойынша ғимаратта өрт хабарлағыш іске қосылды және үйретілген көшіру басталды. Ұлттық парктің қызметкерлері санаулы минуттардың ішінде ғимараттан көшіріліп,
 ғимараттан алыс қауіпсіз жерлерге орналастырылды.      



 

 

 

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері-Рустем Каратаев және №20 өрт бөлімшесінің қызметкерлері парк қызметерлерімен сұхбат өткізді.   


 

Олар төтенше жағдайлар немесе өрт шыққан кезде қалай дұрыс әрекет жасау керектігін түсіндірді, қосымша көшіру есіктері туралы айтты, сонымен қатар дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті.    


 

Өртке қарсы оқу-жаттығудың негізгі міндеттері толығымен орындалды және оқу-жаттығуға «өте жақсы» деген баға берілді.   

 

Архив новостей