Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : Ғылыми зерттеу прризентациясы

31.07.2018

 

 

«Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Экологиялық жүктемені  айқындай отырып, орнықты  дамыту мақсатында Щучье –Бурабай курорттық аймағының экологиялық жүйесін кешенді бағалау» бағдарламасы бойынша  ғылыми зерттеу призентациясы өтті.

 

ЩБКА аумағында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша бастамасын ҚР ғылым және білім министрлігі мен ғылыми комитеті  қолдаған  және бағдарламаны қаржыландырумен қамтамасыз еткен.

 

 

Зерттеу жұмыстарын «Бурабай» МҰТП ММ бірлесіп  «Астана» халықаралық ғылыми кешенті, Алматы қаласындағы география институты, Алматы «Экосервис» ЖШС айналысады. 

 

 

Бағдарламаның мақсаты -туризм мен рекреацияны дамыту басымдығымен тұрақты пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлей отырып, экологиялық жүктемені анықтау негізінде  Щучье – Бурабай курорттық аймағының экологиялық жүйесін кешенді бағалау болып табылады.  

 

Алматы қаласындағы Геграфия институтымен  ынтымақтастығында   «Бурабай» Мемлекттік ұлттық табиғи паркі» Мемлекеттік мекемесіне естелікке  Қазақстан Республикасының атлас картасы сыйға берілген.

Архив новостей