Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалыктар : «Бурабай» ұлттық табиғи паркінде не себепті шөп шабылып сыпырғыштар дайындалады?

10.08.2018

 

"Бурабай" ұлттық табиғи паркі ғалымдарының айтуы бойынша  осы аймақта тіршілік ететін жануарлар арасында шет елдерден әкелінген жануарларда кездеседі. Шындығында олар Бурабай ормандарын көп жылдар бұрын мекендей бастаған және бұл аймақты өздерінің мекені деп санайды сондай-ақ , адамдардың құрметінің арқасында осы аймаққа сіңісіп кеткен.


«Бурабай» Ұлттық табиғи паркінің бас аңтанушы  маманы Бейсембаев Мираттың айтуы бойынша осыдан жарты ғасыр бұрын жергілікті көлдерде  ондатр болмаған.Олар 1962 жылы әкелінген және олар бұл аймаққа бейімделген. "Егер сіз кемірілген қамыстарды  көрген болсаңыз демек бұл жерде ондатр өмір сүреді. Жануар агрессивті емес және адамдарды көргенде қашып кетеді. Егер  оларды үркітпей өзіңді тыныш ұстасаң  ондатрлардың жүзіп жүргенін көруге болады»- дейді Мират. "Ондатр экзотикалық жануар болып табылады және оның санын табиғат қана реттейді: қазіргі уақытта  Одақ кезіндегідей бағалы теріге ешкім аңшылық жасамайды. Ондатрлар саны тек су қоймаларының тайыздануынан азаюы мүмкін».

 

 

Бурабай ормандарында аскандық бұғыларды кездестіруге болады.Бұл жануар шет елден әкелінген. 60 жылдары  осы тұқымдас бұғылардың 58-ін Азово – Сивашск шаруашылығынан әкелген. Бүгінгі таңда 1300 бас бұғы осы аймақта мекен етеді. Бұғыларды қысқы уақытта қоректендіру алаңдарында көруге болды.

Бұндай алаңдардың ұлттық парк аумағында 80-і бар және 45  қоректендіру алаң құрылысы жоспарлануда. Бұғыларға Ақмола облысының қысқы уақытындағы қатты  суығына бейімделу адамдардың осы жабдықтарынсыз  қиынырақ түсер еді. Бұғылар топтасып өмір сүреді.  Бір топта 20-50 бас бұғылар болады. Қар ерігеннен кейін шамаен мамыр айынан бастап тамыз айының соңына дейін бұғылар орманның ішінде жасырынады.


 

«Бурабай» МҰТП ормандарында жарқын қара қауырсынды ірі құр құсы мекен етеді.Өткен ғасырдың 60 жылдарының соңында оларды Ресей елінің Киров ауданынан әкелген.Ғалымдардың айтуынша құр құсының пайда болу уақыты мамонттың пайда болуымен сәйкес.Оған қабан, түлкі және сусар аңшылық етеді.Ол өзі жеміс-жидектермен және қылқанмен қоректенеді.Ең қызығы құр құсы қылқанды бойына сіңіру үшін ұсақ және малта тастарды жұтады.Бүгінгі таңда ұлттық паркте 550 құр құсы мекен етеді.Бұл құстарға аңшылық жасау қатаң тыйым салынған. «Бурабай» ұлттық паркінде бір кездері балқаш өңірінен әкелінген қабандарды көруге болады. Олардың саны қазіргі таңда 500 басқа дейін жетеді. «Қабан ымырттық жануар, олар күндіз ұйықтайды ал түнде кезіп жүреді»-деп «Бурабай» МҰТП туризм және ғылым жөніндегі орынбасары Сергей Быков мәлімдейді.


 

«Әдетте қабан қауіпті аң емес.Ол жарақат алған кезде немесе жанында төлдері болған кезде ғана адамға шабады.Басқа жағдайларда ол ешқашан бірінші шабуыл жасамайда, қайта адамның иісін сезсе кетіп қалуға тырысады.Егер сіз қабанды кездестірсеңіз ағаштың жанында жасырынып  күткеніңіз жөн.Ол сіздің әрбір қимылыңызға әрекет білдіріп өз-өзін сақтау түйсігі қалыптасады. Есіңізде болсын қайсы бір жануар  адамның бар екендігін жарты километр жерден сезеді,сондықтан орманда кездейсоқ кездесулер болмайды» - деп маман сөзін жалғастырды.


 

Ұлттық парктің инспекторлары жабайы қабандарды қыстың суығы мен  қорексіз жүруден, өлім себебін тудырмау үшін ат салысады. Әдетте бұл жануарлар батпақты жерлерде мекен етеді бірақ ұлттық парктің орман алабында өмір сүруге де бейімделіп кетті. Қыстың күні қабандарға орман ішінде  пана табу қиын, осыған орай ұлттық парктің қызметкерлері қалтық ағаш кескінділерінен күркелер құрастырып дайындайды. Осындай күркелер қабандар үшін жылы үйшік болады.


 

Инспекторлар арнайы күркелерге және қоректендіру алаңдарына бидай дәндерін және тағыда басқа қоректерді салып қояды, негізінен қысқы уақытта бұл жануарлардың қоректенуі ұлттық парктің қызметкерлеріне тәуелді. 


 

«Бурабай» ұлттық паркінде жұмыс жыл бойы тоқтатылмайды. Бүгінде, аумақты өтіп бара жатқанда шөп шауып, оларды дөңгелетіп, қайыңнан сыпырғыштар  дайыдаған  адамдарды  (оларды биотехникалық мамандар деп атайды)  көруге болады.  Бұл – жабайы жануарларға қорек дайындау жұмыстары. Алайда бұғы мен еліктерге қысқы уақытқа 350 тонна шөп қажет етеді.


 

Қыста ұлттық парктің техникалық бригадасы трактордың көмегімен қарларды күреп жануарларға күзгі шөпті ашады.Боран уақыттарында осы қар үйінділері қардан сақтап тұрады.Ұлттық парктің қызметкерлері аптасына бір рет шаңғымен кезіп жүріп қоректендіру орындарында тұздың бар болуын тексеріп сыпырғыштарды іліп шөптерді салып қояды.Көктем кезінде қоректендіру орындары мен құс ұяларын  жөндейді.


 

«Бурабай» МҰТП – бұл 130 мың га орманы және мыңға жуық әртүрлі жануарларға жауапты қызметкерлерімен  377 га қорғау аумағы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ.


 

Архив новостей