Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : «Қазақстан мен Германиядағы орман шаруашылығын дамыту жолдары мен перспективалары»

30.09.2018

 

 

2018 жылдың 30 қыркүйегінде Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде студенттер мен орман мамандарымен  қатысуымен «Қазақстан мен Германиядағы орман шаруашылығын дамыту жолдары мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 


Дөңгелек үстелге Германияның Геттинген университетінің профессоры Ахим Доренбуш, «Бурабай» МҰТП-нің өкілдері аға ғылыми қызметкер Оразалин Шыңғыс Шоқанұлы мен кіші ғылыми қызметкер Тлеуова Анель Адилбекқызы, ҚазОШҒЗИ директоры Рахимжанов Алимжан Нурсултанұлы, экология және орман шаруашылығы колледжінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Кожаков Азамат Маратұлы, Республикалық орман селекциялық орталығының орман инженері Васильченко Ольга Леонидовна, сонымен қатар Эбель Андрей Владимировичтің басқаруымен аграрлық университетінің оқытушыларымен мен студенттер қатысты.

 


 

 

Іс-шара барысында орман шаруашылығының қазіргі жағдайы, орман шаруашылығын басқару мәселелері талқыланды, сондай-ақ студенттерді жұмыспен қамту мен шет елдерде тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады. Профессор Ахим Доренбуш студенттердің сұрақтарына жауап берумен қатар  Германиядағы орман шаруашылығы туралы білімімен бөлісті. «Бурабай» МҰТП-нің ғылыми қызметі туралы ақпаратымен Оразалин Шыңғыс сөз сөйледі.

 

 

Архив новостей