Өрт, браконьерлік, немесе басқа да қорық тәртібінің бұзушылықтарын анықтаған жағдайда 8 (716 36) 7-36-65

Жаңалықтар : Жаңартылған курортта жаңа мешіт!

21.09.2018

 

 


Құрметті Бурабай курортының тұрғындары мен қонақтары, сіздерді Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының және жеке өз атымнан жаңа мешіттің  салтанатты ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Менің ойымша бұл сәттің болуы Бурабай курорты үшін ғана емес, сонымен қатар барлық мұсылман халқы үшін  маңызды оқиға болып табылады.

 

Жаңа мешіт жаңартылған Бурабай кентінің архитектуралық әшекейіне айналады деген сенімдемін. Ішкі жинақтың барлығы ұлттық стильде, яғни ислам діні мен дәстүрлерін ескере отырып жасалған. Барлығы заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді.

 

 

 

Мешіттің ауданы 1659 м2 құрайды. Жаңа мешіттің сыйымдылығы 150 адамға арналған. Әйел адамдарға арналған бөлек  дұға ету орны бар. Сондай-ақ 140 адамға арналған қатымхзана (ас беруге арналған зал), кітапхана, әйел және ер адамдарға арналған бөлек оқу және үйрену бөлмелері, 40 автокөлікке арналған автотұрақ бар.

 

Мешіттің құрылысы 2018 жылдың қаңтар айында басталып,  қысқа мерзім ішінде құрылысы аяқталды, және бүгін біз сенушілердің салт-дәстүрлерін жасау үшін арналған жай ғана ғибадат ғимаратын емес, Бурабай курорты аумағындағы мәдени мұраның жаңа объектісін, Бурабай кентінің жаңа нышанын көре аламыз.

 

Осы мешіттің құрылысына тапсырыс берушісі Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы болып табылады. Қаржыландыру бойынша міндеттемелерді Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Кәсіпкерлік бастамаларды дамыту қоры" жеке қоры өз мойнына алды.

 

Бурабай Қазақстанның өмірінде ерекше орын алады. Мұнда Абылай хан мен Кенесары ханның атымен байланысты тарихи, қасиетті жерлер бар. Бурабай мешіті біздің азаматтарымыздың рухани және адамгершілік құндылықтарын байытып, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді деген сенімдемін.

 

 

«Бурабай» МҰТП директоры                               Әбдіхалықов Ғ.К.

 

Архив новостей